Банктердің кредит беру жүйесіне қандай өзгеріс енгізілді?

0
241

Пандемияға байланысты енгізілген төтенше жағдай мен карантиннен кейін банктердің несие беру жүйесінде қандай өзгерістер болғанын анықтап көрді.

Сбербанк

Аталған банкте 2020 жылғы 16 маусым мен 2020 жылғы 30 қараша аралығында төлем мерзімі кешіктірілген несиелерге ешқандай айыппұл мен өсімпұл салынбайды.

“Сбербанк” клиенттерінің арасында жеке тұлғаларға арналған “Лимондардан қуат ал” атты акциясын өткізіп жатыр. Акцияға сәйкес жеңімпаздарға ақшалай сыйлық табысталады. Акцияға банктен “Сенімгерлік кредит” немесе “Автокредит” бағдарламасы бойынша 1 млн теңгеден жоғары кредит алған азаматтар қатыса алады. Акция 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Қосымша сұрақтар бойынша 50 30  номеріне хабарласуға болады.

Halyk bank

Банк бүгінде қарызды ұйымдастырғаны үшін ұсталатын 8 пайыздық комиссияның орнына 4 пайыздық сақтандыру ұсынады. Демек жаңа несие алушылардың несиесінен ендігі кезекте 4 пайыз ғана ұсталады. Егер де азаматтар несиесін уақытылы төлемей, кешіктірген жағдайда төлемдеріне 0,5 пайыз айыппұл қосылады. Несиенің пайыздық мөлшерлемесі қарыз сомасына байланысты.

Банктің талабына сай несие алу үшін қарыз алушының орташа айлық табысы 30 000 теңгедан басталады. Несиенің берілу, берілмеуі туралы шешім жеке қабылданады және клиенттің несие тарихына тікелей байланысты. Қосымша сұрақтар бойынша 7111 номеріне хабарласуға болады.

Банк Центр Кредит

Банк тарапынан медицина қызметкерлеріне 85 күнге дейін пайызсыз негізде жеңілдігі бар несие картасы беріледі. Дәрігерлер 3 млн теңгеге дейін лимиті бар картаны ашып, алынған соманы 85 күн ішінде асықпай қайтаруға тиіс. Сонымен қатар, картада бойынша 30% кэшбэк беріліп, 3-6 және 12 айға дейін бөліп төлеу, картаны тегін шығару қызметтері бар.

Банк сондай-ақ қазір жеке кәсіпкерлеріне кепілсіз 12 айға дейін несие ұсынады. Ең жоғарғы сома – 5 млн теңге. Банк call-орталығының номері – 505.

Jysan bank

Қазіргі уақытта банкте несиесі бар азаматтардың қарыздары келісімшарт бойынша төленуде. Карантиннен кейін айтарлықтай өзгерістер болмады, ай сайынғы төлемақылар өзгеріссіз қалды.

Банктің талабына сай несие рәсімдеуде қарыз алушының орташа айлық табысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген (42 500 теңге) ең төменгі жалақыдан кем болмауға тиіс. Қосымша сұрақтар бойынша 77 11 нөміріне хабарласуға болады.

Kaspi.kz 

Төтенше жағдай кезінде Kaspi.kz кредиті бар азаматтардың қарыздарын 3 айға кейінге шегерген болатын. Кейінге қалдырылған 3 айдың қарыз сомасына айыппұл мен өсімпұл қосылмады. Ал төтенше жағдайдан кейін банк кредит шарттары бойынша келісімшартта көрсетілген талаптарды қалдырды.

Банкте тұтынушылық және заттай несиені Kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы алу қызметі қолжетімді. Тұтынушылық несие рәсімдеуде ең төменгі айлық табыстың шегі жоқ. Несие бойынша шешімнің қандай болатыны тұтынушының несие тарихына байланысты. Қосымша сұрақтар бойынша 9999 номеріне хабарласуға болады.

Ақпарат көзі “Қамшы” кз.