«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ БАСТАЛДЫ

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНЫҢ БАС САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ Б.ШАҒАЛБАЕВ АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП МАУСЫМДЫҚ ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ.

Биыл эпидемиологиялық жағдайға байланысты тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны әдеттегіден 2 апта бұрын басталды. Себебі коронавирус пандемиясы кезінде тұмау өршіп, салдары қауіпті болуы мүмкін. Бұл туралы ауданның санитар мамандары хабарлады. Олардың айтуы бойынша, үстіміздегі жылдың қыркүйек айында облыстық бюджеттен Ресейден өндірілген «Гриппол Плюс» вакцинасы сатып алынған. Биыл коронавирус инфекциясының екінші толқыны тұмау инфекциясының эпидемиологиялық маусымында күш алуы мүмкін деп болжанып отыр. Бұл кезде аталған екі аурудың қоздырғыштары адамның ағзасына түссе, иммунитет жүйесі әлсіреп, денсаулық жағдайын одан әрі ауырлатуы мүмкін. Сол себепті, эпидемиологиялық мамандар тұрғындарды тұмауға қарсы вакцинация алуға шақырды. Т.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Сағат 16.00-дегі жағдай: Сайлаушылардың 62,34 пайызы дауыс берді

admin_mugalzhar

Қазақстанда банк картасын басқаға бергені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді

admin_mugalzhar

Өңірдегі өзекті мәселелер жүйелі түрде шешіліп жатыр

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.