«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан мен Өзбекстан Қырғызстанға көмек көрсетеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері әртүрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың дамуына қанағаттанатындарын айтты. Әңгімелесу барысында жақын жылдары атқарылатын бірлескен жобалар талқыланды.

Мемлекет басшылары Орталық Азиядағы ахуалды талқылау кезінде өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Қазақстан мен Өзбекстан қырғыз халқына экономикалық және гуманитарлық көмек көрсетеді.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев 10 қараша күні Ресейдің төрағалығымен өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің нәтижелерін жоғары бағалады.

Ұқсас ақпараттар

Bek Air: Ұшақ соғылған үйдің құжаты болса ғана өтемақы қарастырамыз

admin_mugalzhar

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУЫ ТИІС

admin_mugalzhar

Диетолог артық салмақты азайтуға көмектесетін өнімді атады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.