«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Үркер-2020» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін елордада «Үркер-2020» ұлттық сыйлығы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен «Жылдың үздік фотосуреті» аталымында тәуелсіз экологиялық шолушы Сәкен Ділдахмет жеңімпаз атанды. «Жылдың үздік репортажы» аталымы Kyzylorda-news.kz порталының журналисі Нұрсұлтан Мықтыбаевқа, «Жылдың үздік аналитикалық материалы» аталымы Strategy2050.kz порталы журналисі Қайрат Жандыбаевқа, «Жылдың үздік журналистік зерттеуі» «Время» газетінен Михаил Козачковқа бұйырды. Ал «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Гүлбаршын Сабаева «Жылдың үздік сұхбаты», аталымында, «Sputnik Казахстан» агенттігінің тілшісі Тимур Ниталиев Жылдың үздік танымдық материалы» аталымында жеңімпаз болды. «Радиостанциядағы үздік жоба» аталымы «Atyray» радиостанциясының «Эфирде 102 FM» бағдарламасына бұйырса, TengriNews порталы «Жылдың үздік жаңалықтар порталы» аталымында жеңімпаз болды. «Жылдың үздік газеті» сыйлығы Жамбыл облыстық «AQ JOL» газетіне берілді. Сонымен қатар «Жылдың үздік журналы» аталымында «Жұлдыз» журналы жеңімпаз деп танылды. Ал Шерхан Мұртаза атындағы номинация Қайнар Олжайға бұйырды. Мұнан бөлек, «Kazinform» халықаралық ақпараттық агенттігінің арнайы сыйлығы «ТАСС» агенттігі мен «Kaznews» Моңғолиядағы қазақтілді порталға берілсе, «Казахстанская правда» газетінің арнайы сыйлығы ардагер журналист Татьяна Костинаға табысталды. Айта кетерлігі, 2020 жылдың 2 қазаны мен 5 қарашасы аралығында ұйымдастырылған «Үркер» ұлттық сыйлығының 11 аталым бойынша қатысушыларынан 470 өтінім келіп түсті. Бүгін әр аталым үздігіне «Үркер» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге ақшалай сыйлық табыс етілді. Ұлттық бәйгені ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры ұйымдастырды.


Ақпарат көзі inform.kz

Ұқсас ақпараттар

Актюбинцы смогут оплатить госпошлину с помощью QR-кода

admin_mugalzhar

Вирусная подготовка

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ МЕРЕЙТОЙ ИЕСІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.