«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ!

Қайыңды ауылдық кітапханасы оқырмандар арасында экология тақырыбын насихаттау мақсатында «Табиғатты аялайық» атты сурет байқауын ұйымдастырды.

Оқырмандардың салған туындылары кітапхананың әлеуметтік парақшасына жарияланды. Байқауға 13 сурет ұсынылды. Қорытындылау нәтижесінде І орынға Жанарыс Дайыров, ІІ орынға Бақдәулет Бошанов пен Нұрай Абдуали, ал ІІІ орынға Жансая Жидебай, Назира Бошанова және Еркебұлан Қойшыбай ие болды. Ал Адина мен Амина Айсұлтанова, Инабат Құдайберген, Жаннұр Бошанова, Назым Абдуали, Амира Жидебай, Еркеназ Елубай, Аружан Бошановаға алғыс хатпен және естелік сыйлықтар берілді. Сонымен қатар, кітапханаға келген оқырмандарға экология туралы түсінік беріліп, табиғатты қорғау туралы ақпарат айтылды. — Байқаудың мақсаты — табиғатты таза ұстауға шақырып, экологияны болдырмауды насихаттау. Қоршаған ортаға зиян келтіретін іс-әрекеттердің болмауын қадағалауды үйрету. Оқушылардың күзгі демалыс уақыттарын тиімді пайдалануына орай, оқырмандарды кітапханаға тарта отырып, уақыттарын қызықты қылып өткізу, — деді Қайыңды ауылдық кітапханасының кітапханашысы Қарлығаш Қонарбаева.

Ә.ӨМІРТАЕВ

Ұқсас ақпараттар

Зарина Дияс әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасын ұтты

admin_mugalzhar

Сəлем «МҰҒАЛЖАР»

admin_mugalzhar

Интернет ұрпақты иеленіп барады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.