«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Айнұр ЖАҢАБАЙ: ҚАШЫҚТАН ОҚУДЫҢ ӨЗ ҚИЫНДЫҒЫ БАР

САБАҒЫҢ ҚАЛАЙ,СТУДЕНТ?

17 ҚАРАША — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІ. БҰЛ МЕРЕКЕ КҮНТІЗБЕДЕ ҚЫЗЫЛ БЕЛГІМЕН БЕЛГІЛЕНБЕСЕ ДЕ, ҚЫЗЫҒЫ МОЛ БАЛАЛЫҚ ШАҚТАН ЕНДІ ӨТІП, ЕРЕСЕК ӨМІРГЕ ҚАДАМ БАСҚАН СТУДЕНТТЕР ҮШІН МАҢЫЗДЫ КҮНДЕРДІҢ БІРІ. ОСЫ МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ, ШЕТ ЕЛ МЕН ӨЗ ЕЛІМІЗДІҢ ӘР ТҮКПІРІНДЕ БІЛІМ АЛЫП ЖАТҚАН МҰҒАЛЖАРЛЫҚ СТУДЕНТТЕРДІ ӘҢГІМЕГЕ ТАРТТЫҚ. БАСТЫ ТАҚЫРЫП — БИЫЛҒЫ ОҚУ ЖЫЛЫН ҚАШЫҚТАН ОҚУМЕН БАСТАҒАН ЖАСТАРДЫҢ ОНЛАЙН ОҚУДАҒЫ ҚИЫНДЫҒЫ МЕН ҚЫЗЫҒЫ ТӨҢІРЕГІНДЕ БОЛДЫ.

— Мен бүгінде Қытай Республикасының Пекин қаласындағы Халықаралық экономика және бизнес университетінде 4-курста білім алып жатырмын. Жағдайға байланысты, әрине, қашықтан оқып жүрмін. Қашықтан оқудың жақсы да, жаман да жағы бар. Ал бұның менің жағдайымдағы қиындығы — екі ел уақытының сәйкес келмеуі. Сонымен қатар мұғалімдерімізбен, тобымызбен бірге бір аудиторияда отырмағасын, байланыс болмағасын, толыққанды немесе қосымша білім алу да қиынға соғады. Бұндай жағдай оқу процесіне өз әсерін тигізері анық. Тағы бір айтатын нәрсе, күнделікті қолданбағасын, қытай тілін ұмытыңқырап қалуым да мүмкін. Жалпы шетел тілін жақсы меңгеріп кету үшін де үнемі практикалық тұрғыда күнделікті өмірде қолдану қажет. Менде қазір осы жағы ақсап тұр. Дегенмен бұндай жағдай еріккеннен орын алған жоқ. Қауіпсіздік пен саулықтың адам үшін басты орында екені де анық. Сол себепті, бүгінгі жағдайда қашықтан оқу — қажеттілік деп білемін. Осыған байланысты, шыдамылық танытып, қалай да білім алып шығуға тырысып жатырмыз. Дәстүрлі оқу жүйесі тез арада қайта енгізілсе деймін. Себебі елімізде оқып жатқан студенттер үшін қашықтан оқу айтарлықтай қиын болмаса да, шет елде оқып жатқандар үшін бұл тиімсіз әдіс. Қашықтан оқудың жақсы жағы да бар дедім ғой жоғарыда. Ол — күнде отбасыммен бірге болуым, өз елімде, өз ортамда жүріп, білімімді жалғастыруым.

Ұқсас ақпараттар

Сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

admin_mugalzhar

ОТОБРАЛИ БУДУЩИХ ДЕПУТАТОВ

admin_mugalzhar

АУДАНДА АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.