«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АТА ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕП…

ТАРИХТАН ТАМЫР ТАРТҚАН ДҮНИЕНІ ҰРПАҚҚА МҰРА ЕТЕР МУЗЕЙДЕГІ КЕШЕГІ КҮННІҢ ІЗІ ҚАЛҒАН ЖӘДІГЕРДІ КӨЗБЕН КӨРУДІ МАҚСАТ ТҰТҚАН ТАЛДЫСАЙЛЫҚ ҚАЛИЕВТЕР ОТБАСЫ АРНАЙЫ КЕЛІП, МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ АЛТЫН ҚОРЫМЕН ТАНЫСТЫ.

Өскелең ұрпаққа ұлттық мұрамызды дәріптеу, елдік құндылығымызды насихаттау мақсатында Ақылбек Қалиев пен Гүлмира Қалиева күзгі демалысқа шыққан немерелерін музейге ерте келіп, рухани азық жинап, ауданның кешегі өткен өмірінен сыр шерткен жәдігерлердің тарихы туралы білді.

— Біз өзіміз ауылда тұрамыз. Немерелеріміз осында, Қандыағаш қаласында оқиды. Күзгі каникулдың уақытында көптен бері ойда жүрген істі қолға алудың сәті түсті. Атасы екеуміз ауылдан келіп, немерелерді ертіп, музейге бас сұқтық. Балаларымыз бен немерелерімізге ұлттық құндылықты сіңіруді өзіміздің кішкентай ғана «отбасы» деген мемлекеттен бастасақ, ұлтжанды, патриот ұрпақ тәрбиелер едік депойлаймыз. Міне, бүгіннемерелеріммүлде көрмеген, міні құрамай, бүгінге жеткен тұрмыстық заттармен танысты, ауданның қалыптасуы жолында еңбек еткен жандардың ерлік істері туралы оқыды, атақты мұғалжарлықтардың қолданған заттарын көздерімен көрді, — дейді Г.Қалиева.

Ерекше рухани азық іздеп келген отбасы үшінбұлұмытылмас күнболды. Мұражайдың әр бұрышы керемет ойластырылып жасалыпты. Әр салаға қатысты әртүрлі бөлме алаңы бар екен. — Әсіресе, қаймағы бұзылмаған қазақ ұғымында салт-дәстүрдің орны ерекше. Соған орай бұл мұражайда арнайы киіз үйдің формасымен жасалған жер бар. Ол жерге барлық қазақи заттар қойылған. Сандық, көрпе-жастықтарды қоспағанда, тұрмыстық ыдыс-аяқ , домбыра тәрізді аспаптар да ерекше сән беріп тұр. Алған әсер ерекше. Өзімнің енемнен қалған, тарихы әріде жатқан қол диірменімбар еді. Соны әлі күнге дейінсақтапкелемін. Ендідиірменніңмүзейде бір орын тауып тұруынжөн көріп, осында тапсырмақпын. Осыдан шатаспасам 10-15 жыл бұрын «Қобыланды батыр» музейіне барып, керемет әсер алып келіп едім. Содан бері осынша азық болар сезімді осы аудандық тарихи-өлкетану музейінен сезіндім. Орталықтың қызмет көрсетуі қатты ұнады. Өте сыпайы, қызметкерлердің жәдігерлер туралы білімдерінің де мол екенін көрдік, — дейді Ақылбек аға.

Болашақта жиі тарихи орындарды аралауды дәстүрге айналдырып, өзгелерге де насихаттасақ дейді бұл отбасы. Ұрпаққа таным болар, тәлім берер жәдігер жинап, көзінің қарашығындай сақтап отырған музей басшысы Шәмшат Әбдірзақов пен қызметкерлеріне арнайы алғысын жеткізіп, қызметіне табыс тіледі.

А.НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында «Бұқара-Орал» магистралды газ құбырының жаңа желісін салу барысымен және «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» автожолының жағдайымен танысты

admin_mugalzhar

Таиланд коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимін ұзартты

admin_mugalzhar

В ИНТЕРЕСАХ КАЖДОГО ЖУРЫНЦА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.