«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Байбек, Назарбаева және Есімов. Nur Otan партиялық тізіміне кімдер енді?

Nur Otan алдағы Мәжіліс сайлауында депутаттыққа кандидаттардың партиялық тізімін ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кандидаттардың жалпы тізімінде Мәжілісте жұмыс істеп жүрген депутаттардың саны 20 пайыздан аспайды, Мемлекеттік басқару — 13 пайыз, білім беру және денсаулық сақтау — 12 пайыз, үкіметтік емес ұйымдар — 9 пайыз, өнеркәсіп өкілдері — 8 пайыз.

Тізімнің үштен бір бөлігі әйелдерден тұрады. Кандидаттардың орташа жасы алдыңғы партиялық тізіммен салыстырғанда 4 жылға төмендеп, 48 жас болды.

Тізімде барлығы 126 үміткер бар. Олардың ішінде: Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин, Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры Дариға Назарбаева, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Президент Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов, Президенттің көмекшісі — Президент Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова, вице-премьер Ералы Тоғжанов, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және басқалары бар.

Кандидаттардың толық тізімімен партия сайтында танысуға болады.

Ұқсас ақпараттар

Бала COVID-19 жұқтырған жағдайда не істеу керек?

admin_mugalzhar

Айнұр ЖАҢАБАЙ: ҚАШЫҚТАН ОҚУДЫҢ ӨЗ ҚИЫНДЫҒЫ БАР

admin_mugalzhar

СІЗ «МҰҒАЛЖАРДЫ» ОҚИСЫЗ БА?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.