«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан оқи ма?

«Оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан білім алады» деген ақпарат жалған. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлеуметтік желілерде «Қазақстандықтар жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында қашықтан білім алады екен, бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте мәлімдеді» деген жалған ақпарат тарап жатыр.

Асхат Аймағамбетов брифингтерде мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Оқыту форматы туралы шешімді коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері және өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері қабылдайды, — делінген хабарламада.

baq.kz

Ұқсас ақпараттар

СІЗ «МҰҒАЛЖАРДЫ» ОҚИСЫЗ БА?

admin_mugalzhar

Қазақстанда оқушылар екінші тоқсанда мектептерде оқитын болды ма? Цой жауап берді

admin_mugalzhar

Қазақстан төрт күндік жұмыс аптасына өтуі мүмкін бе?

admin_mugalzhar