«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Геннадий Головкиннің жекпе-жегі өтетін уақыт ресми түрде жарияланды

IBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 18 желтоқсанда өтеді. Бұл туралы DAZN стриминг сервисі Instagram желісіндегі парақшасында ресми түрде жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы IBF титулын қорғау үшін польшалық боксшы Камила Шереметаға қарсы  шығады. 

«Үлкен драма шоу 18 желтоқсанда оралады», — деп жазылған жекпе-жектің анонсында.

Головкин де Instagram желісіндегі парақшасында жекпе-жектің анонсын салып, рекордтық 21-ші титулын қорғайтынын атап өтті. 

GGG мен Шеремета Холливуд қаласындағы (АҚШ, Флорида штаты) Hard Rock Holly казино-қонақүйінде кездеседі. Шоуды DAZN стриминг сервисі трансляциялайды.

Головкин бұған дейінгі кездесуін Нью-Йоркте өткен жылдың қазанында өткізген. Ол кезде украиналық Сергей Деревянченконы жеңген.

Ұқсас ақпараттар

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 64 млн-нан асты

admin_mugalzhar

Грузияда қарашаға дейін әуе қатынасы жанданбайды

admin_mugalzhar

1,7 млн астам адам Ердоғанның Ыстанбұлдағы сайлауалды митингіне қатысты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.