Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы екі есеге өседі

0
118

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта студент жастарды қолдау шаралары жүзеге асатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Студенттерге арналған стипендиялар екі есеге, магистранттар мен докторанттарға – 1,5 есе артады. 2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақханаларындағы орындар саны кем дегенде 50 мыңға көбейеді”, – деді ол “Нұр Отан” партиясының кезектен тыс съезінде.

Бұған дейін ол 2025 жылға дейін Қазақстанда білім гранттарының саны 50% өсетінін айтқан. Бұл 75 мыңға жуық азаматтың университеттерде ақысыз білім алатындығын білдіреді, деп атап өтті мемлекет басшысы.

Қазір студенттер – 26186 теңге, магистранттар – 66913 теңге, докторанттар – 150000 теңге шәкіртақы алады. 

Еске салсақ, Тоқаев зейнетақы мен жәрдемақы туралы мәлімдеме жасаған болатын.