«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда қарапайым тұрғындарға қандай әскери киімдерді киюге тыйым салынады?

Әскери полиция Қазақстанда камуфляждық киім киюдің ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әскери полиция басқармасы басшысының әскери қызмет көрсету жөніндегі орынбасары Рүстем Жанбыровтың айтуынша, әскери полиция және аумақтық құқық қорғау органдары халыққа әскери киім киюдің тәртібін түсіндіреді.

«Қазір азаматтық тұрғындар әскери камуфляжды киімдерді жиі киеді. Заңға сәйкес, оған әскери адамдарға ешқандай қатысы жоқ адамдардың әскери форманы киюге тыйым салынады», — деді Рүстем Жанбыров.

Ол әскери қызметке ешқандай қатысы жоқ қазақстандықтарға камуфляждық формадағы айырықша белгілерді, атап айтсақ, шеврондар, погондар, Қарулы күштерге, басқа әскерлер мен әскери құрамаларға тиесілі екенін көрсететін басқа да белгілерді алып тастау керек екенін түсіндірді.

Айырым белгілері жоқ әскери формаларды киюге тыйым салынбайды. Ондай костюмдер әскери киім санатына жатпайды.

Ұқсас ақпараттар

БЮДЖЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСТІ

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ ЕМБІ ҚАЛАСЫНДА БОЛДЫ

admin_mugalzhar

170 БАЛА САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНДА ЕМ АЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.