«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Желтоқсанда азық-түлік бағалары өзгермейді

Брифинг

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақты ұстап тұру бойынша қабылданып жатқан шаралар». Кеше өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифинг барысында осы тақырып талқыланды. Бұл шараға облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов, «Анвар» сауда желісінің директоры Бақытжан Кизаев пен «Дина» сауда желісінің директоры Есболай Жаңабаевтар қатысты.

Н.Тілеумұратовтың айтуынша, облыста 10 айдың қорытындысыда азық-түлік тауарлары бойынша тұтыну баға индексі 107,8 пайыз болды.

— Бұл республика бойынша ең төменгі көрсеткіш, дегенмен біздің облыста ең төмен баға өсімі байқалады. Оның ішінде қараша айында әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауары бағаларының өсу индексі 1,2 пайыз болды.

Облыста жыл басынан бері кәсіпкерлермен арада 500-ге жуық меморандумға қол қойылған болатын. Бұл құжаттарға сәйкес, әлеуметтік тауарларға 5-10 пайыздан аспайтын үстемақы қосу қарастырылған-ды. Бүгінде өңірдегі ірі сауда желілері мен дүкендер осы меморандумға сай жұмыс істеп жатыр, — деді басқарма басшысы.

Басқарма басшысының айтуынша, «Анвар», «Дина» секілді екі ірі сауда желісі 1 желтоқсан-15 қаңтар аралығында 19 әлеуметтік азық-түлік тауарының бағасын өзгертпей, қазіргі қалпында ұстап тұру бойынша акция жариялап отыр. Яғни, алдағы мерекелерде аталған сауда желілеріндегі азық-түлік тауарларын бүгінгі бағамен сатып алуға болады.

  • Сонымен бірге қазіргі таңда тұрақтандыру қоры арқылы да интервенция жасалып отыр. Жыл басынан бері азық-түлік тауарлары нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзан бағада сатылған 300-ден астам жәрмеңке өткізілді. Оған қоса азық-түлік тауарларын өндірушіден тұтынушыға делдалсыз жеткізуді мақсат ететін «Егістіктен сөреге дейін» деп аталатын жоба аясында «Табыс Агро», «Халық сауда» сауда нүктелері жұмыс істеп жатыр, — деді басқарма басшылары.

Брифинг барысында аталған сауда желілері басшылары «Анвар», «Дина» сауда орындарындағы бағалары өзгермейтін азық-түлік тауарларының тізімін айтты. Бұл тізім аталған мекемелердің әлеуметтік желілерінде де жарияланады.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

admin_mugalzhar

Қазақстанда сот қызметкері күні тойланады

admin_mugalzhar

В КАНДЫАГАШЕ «ГАЗЕЛЬ» СБИЛА МАЛЬЧИКА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.