БЮДЖЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСТІ

0
203

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2021 жылдан бастап мұғалімдер мен дәрігерлердің және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы көтерілді. Еңбек министрлігінің ресми мәліметіне сүйенсек, лауазымдық жалақыны ұлғайту үшін республикалық бюджеттен алдағы үш жылға 95 миллиард теңге бөлінген.

Қаңтар айынан бастап аудан аумағындағы барлық педагогтердің жалақысына 25 пайыз үстеме қосылды. Өсім тек мектеп мұғалімдерінің емес, балабақша, колледж, қосымша білім беру жүйесі педагогтеріне де тиесілі. Аудандық білім беру мекемесінің берген мәліметі бойынша, аудан мұғалімдері жалақысының орташа есебі 200 мың теңгені құрайды. Еңбекақының жоғары болуы бірінші кезекте жоғары санатына, еңбек өтілі мен жеткен жетістіктеріне тікелей байланысты. Сонымен қатар бүгінгі таңда мемлекет басшысының тапсырмасына орай, мұғалімдер мәртебесін көтеру дежолға қойылған. Алайда білім саласында қызмет атқаратын методистер мен кіші қызметкерлердің еңбекақысы өзгеріссіз қалған. Бұдан бөлек, медицина қызметкерлерінің айлығы да кезең-кезеңмен артады. Президент 2023 жылға қарай дәрігердің орташа жалақысын 2,5 есеге жеткізу міндетін қойды. Осыжылданбастап, біздің аудандағы дәрігерлер орташа есеппен қолдарына 316 250 теңге көлемінде жалақы алады. Ал орта медицина қызметкерлерінікі 172 460 теңгеге, кіші қызметкерлердікі 68 767 теңгегеөскен. Өткен жылы мұғалжарлық дәрігерлер 243 982 теңге, медицина қызметкерлері 143 950 теңге алған. Ал Ембі аудандық ауруханасының дәрігерлері мен қызметкерлерінің жалақысы бұл көрсеткіштен 20 пайызғажоғары. Себебі олар экологиялық аймаққа жатады. Сонымен қатаросыжылданбастап әлеуметтік қызметкерлердің де айлығы кезеңмен өсуде. Атап айтқанда, стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтікмекемелерде, сондай-ақ үйде қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлердің еңбекақысы ұлғаяды. Қазақстанда жалпы саны 38,5 мыңнан астамәлеуметтік қызметкер бар. Ал аудандағы әлеуметтік қызметкерлердің саны – 47. Олар үйге бару арқылы мүмкіндігі шектеуліжандарменбалаларға, қараусыз қалған қарттардың үйлеріне барып, күтім жасап, жоғары психоэмоционалдық, оңалту жұмыстарын жүргізеді. Олардың орташажалақысы 2020 жылы 114 646 болса, биыл 116 717 теңгені құрайды.

Н.КЕСІКҚҰЛ.