«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАНДЫАҒАШТЫ ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА ЕТУ АРМАНЫ…

Қайырымдылық жылы жүректен шығады. Соңғы уақытта қайырымды жандардың қатары көбейіп келеді. Бір қызығы, олардың қатарын қалтасы қалың, үлкен қаржылық топтарға кіретін дәулетті адамдар емес, жалынды жастар толықтырып жүр. «Мұғалжар» газетінің қызметкері Зайырбек ЕСЕНЖОЛОВ бастаған «izgi qala» волонтерлық тобы мейірімді жүрегін жаны жабырқаулы жандарға ұсынып жүрген осындай қайырымды жастар.

Өткен жылы республика бойынша «Волонтерлар жылы» болып жарияланғаны белгілі. Осы жылы жасалған жұмыстар негізінде аудандық Жастар арасындағы дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталық жанынан «Демеу» волонтерлық тобы құрылды. Орталықта қоғаммен байланыс жөніндегі маман қызметін атқарып жүрген Зайырбек Заитұлы волонтерлік топтың жетекшісі болып бекітілген. — Бала кезімнен шын мұқтаж адамдарды көрсем, көмек қолымды ұсынып, көмектескім келіп тұратын. Волонтерлар жылының жариялануы мен үшін үлкен мүмкіндік болды. Жетекші болып бекітілгеннен кейін қаламыздағы колледждерге барып, студенттермен кездесіп, ерікті жастардыжинадық. Қатарымыз толығып, аудандағы шын мұқтаж адамдарды іздестіріп, оларға көмек беруді қолға алдық. Алғаш «Харекет» қайырымдылық қоры арқылы үй алған жалғызбасты анаға азықтүлік апарып көмек көрсеттік. Жалғыз тұратын қарттарға барып, үйін тазалап, жуындырып, дәрі-дәрмегін әкеліп беріп отырдық. Осылай денсаулығына шипа іздеген, шын мұқтаж адамдарға көмек берудің көшін бастап кеттік, — дейді жас волонтер. Жақсы істерге бастамашыл болған Зайырбек Волонтерлар жылының қорытынды есебінде «Үздік волонтерлық топ» номинациясымен марапатталған. Еріктілер жылында жасалған жағымды істерді жалғастыруды жөн көрген қаланың қайырымды жастары инстаграм желісі арқылы «Қандыағаш – қайырымды қала» аттыинста-парақшасынашып, қандыағаштықтарды жақсы іске тартпақ болады. Алғашында осы парақша арқылы аудан халқының назарына үйде киілмей қалған киімдерді қабылдап, жоқ-жітіктерге тарату жөнінде хабарлама салады. Жоба аяқсыз қалмай, қайырымды жандардың қатары көбейеді. Бастаған ісінің бекер емесін түсінген жастар қолы қысқа, қалтасытайыз, дерті ауыр науқастардың ем-домына қажет қаражат жинауды да қолға алды. Бүгінде еріктілерден құрылған бұл топ 4 баласы бар жалғызбасты анаға көмек қолын ұсынып, ай сайынғыпәтерақысынтөлеудіңдекөзін тапқан. Қараусыз қариялардың көңілін көтеріп, қажеттілігіне жарап, мүмкіндігішектеуліжандардыңбаспанасына жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Сөйтіп, қолындағы қысқа жібі күрмеуге келмей жүрген талай адамның алғысын арқалап жүр. Сөзімізге мысал болсын, жақындағанамүмкіндігішектеуліерлі-зайыпты Бағдат пен Гүлімнің үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізді. Пауэрлифтингтен параолимпиада ойындарының жеңімпазы, спортшы Гүлім Құрманбаева жастардың ісіне дән риза.

— Бізге «Харекет» қайырымдылық қоры екі бөлмелі пәтер сыйлаған болатын. Қаламыздың «izgi qala» волонтерлық тобы келіп, көмек қолын ұсынып, осы үйге жөндеу жұмыстарын толықтай жүргізіп берді. Осындай қайырымды жастарымыздың барына қуанамын. Бастаған істеріне береке тілеймін, — дейді ерлі-зайыпты Бағдат пен Гүлім. Сонымен қатар дертіне шипа іздеген қандыағаштық Айгүл Қалдығаринаның еміне қажетті қаражатжинап, өзге де әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне де мұрындық болып жүрген осы жастар.

Н. КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

БИІКТІК ФОРМУЛАСЫ (деректі әңгіме)

admin_mugalzhar

Қазақстанда 12 облыс аумағында киіктерді қорғау акциясы басталды

admin_mugalzhar

Бейбіт өмірді балам көрсе деп тілейтінмін – Сириядан оралған келіншек

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.