Жыл сайын республикалық деңгейде шағын кәсіпкерлікті дамытуға, әлеуметтік мәселелерін шешуге ынталандыру мақсатында ұйымдастырылатын «Парыз» байқауына өткен жылы Мұғалжар ауданынан екі кәсіпкер қатысты. Байқау нәтижесі бойынша аудан атынан қатысқан «Смағұл» шаруа қожалығының төрайымы Мария қажы Сейткамалова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Нұрымбетовтың Алғыс хатымен, облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің 200 000 теңгелік сертификатымен марапатталды.
Аталған байқауға 2013 жылдан бері қатысып жүрген «Смағұл» шаруа қожалығының төрайымы Мария қажы Сейткамалова 2016 жылы «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясының жеңімпазы атанып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан жоғарғы наградалық диплом мен байқау мүсіншесін алған болатын. «Парыз» республикалық байқауына 2019 жылдан бері қатысып жүрген екінші үміткер — Наурызбек Сарбасов. Ол бүгінде Ембі қаласында тұрады. «АдСаНа» ойын-сауық орталығының иесі. Жас кәсіпкер Наурызбек 2020 жылы атаулы әлеуметтік көмектер бойынша әлеуметтік топтамаларды бір жерден сатып алудан тапсырыс қабылдап, аудан бойынша аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пен гигиеналық құралдарды толықтай мерзімімен қамтамасыз етіп отырған. Волонтерлықты жанына серік еткен Наурызбек 2020 жылы «Бізбіргеміз!» жалпыұлттық акциясы аясында Елбасының Алғыс хатымен және «Парыз» республикалық конкурсына қатысқаны үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Нұрымбетовтің Алғыс хатымен марапатталған.
Н.ТІЛЕП.