14.8 C
Кандыагач
Понедельник, 3 октября, 2022
«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік партиясын шығарды

Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік партиясын шығарды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қарағанды фармацевтика кешені (ҚФК) базасында «Гам-КОВИД-Гак» («Спутник–V») вакцинасының өнеркәсіптік өндірісі барысын және вакцинаның өңірлерге жеткізілуін тексерді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, отандық фармацевтикалық кешенде вакцинаның өнеркәсіптік өндірісі қысқа мерзімде жолға қойылды.

Бүгін Қазақстанның барлық өңіріне «Гам-КОВИД-Гак» вакцинасының 90 мың дозасы жөнелтіледі.

«2021 жылы наурызда 150 мың дозасын өндіру жоспарланып отыр, ал сәуір айынан бастап 600 мың дозаға дейін жеткізіледі. Осылайша, халықты жоспарлы түрде COVID-19-ға қарсы вакцинамен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етеміз.

«СҚ-Фармация» ЖШС мен Ресей тікелей инвестициялар қоры (РФТИҚ) арасында жасалған өзара түсіністік туралы келісім аясында 2 миллион астам доза жеткізу, препарат сынақтың барлық сатысынан өткеннен кейін оны 5 миллион дозаға дейін арттыру жоспарланып отыр», — делінген хабарламада.

Ұқсас ақпараттар

У.КОЙШИГАРИН: ОТКРЫТЬ СВОЕ ДЕЛО МОЖНО — БЫЛО БЫ ЖЕЛАНИЕ

admin_mugalzhar

Биыл коммуналдық қызметтер бағасы қалай өзгерді

admin_mugalzhar

Kaspi.kz тегін жеткізуге арналған Kaspi Postomat желісін іске қосты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.