«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНДА «АЛТЫН АЛҚАЛЫ» АНАЛАР КӨБЕЙДІ

ХАЛЫҚ САНЫНЫҢ ӨСУІМЕН ӨЗГЕРІСІ – ДАМУ БАҒЫТЫНДАҒЫ БАСТЫМӘСЕЛЕЛЕРДІҢ БІРІ. МҰНАЙЛЫ ӨЛКЕДЕ АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР-ҚАРАША АЙЫНДА 1480 БАЛАНЫ ДҮНИЕГЕ ӘКЕЛСЕ, БИЫЛҒЫЖЫЛДЫҢ ӨЗІНДЕ ҚАҢТАР АЙЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША 106-ДАН АСА СӘБИ ДҮИИЕЕСІГІН АШҚАН. АЛ 2019 ЖЫЛМЕН САЛЫСТЫРСАҚ, 2020 ЖЫЛДАҒЫ ТУУ КӨРСЕТКІШІНІҢ ӨСІМІ 500-ГЕ ЖУЫҚ. ҮДЕРЕ ДАМУ ҮЛКЕН ҚАЛАДАН БӨЛЕК, ШАҒЫН АЙМАҚТАРДА ДА ҚАРҚЫНДЫ ЕКЕНІ ҚУАНТАДЫ…

Ресми мәліметтерге сүйенсек, елде 2020 жылы халық санының өсу қарқыны күніне 802 адамды құраған. Демек, демографиялық ауысым жылдамдығы артуда. Дамыған елдерге туу көрсеткішін азайтып, өмір сүру ұзақтығын арттыруға жүздеген жылдар қажет болса, ал Қазақстан тәрізді дамушы елдерге бұл үшін онжылдықтар жеткілікті болып отыр. Елімізде тұңғыш баласын дүниеге әкелуге 25-тен 28 жас мөлшеріндегі аналар қабілетті ретінде тіркелген. БҰҰ 2100 жылға қарай Қазақстанда 28 миллионға жуық адам өмір сүреді деп болжап отыр. Бүгінгі таңда ауданда 68 мыңға жуық тұрғын болса, соның ішінде демографияның дамуына сүбелі үлесін қосып отырған 1025 мұғалжарлық отбасы бар. Тарқатып айтсақ, аудан бойынша 332 ана «Алтын алқа» иегері болса, 523 «Күміс алқа» алған. 97 І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» төсбелгісінің иегерлері мен 73 «Батыр ана» бар. Осы аналардың өмірге дені сау ұрпақ әкелуі жолында Мұғалжар аудандық ауруханасында 15-ке жуық ақ халаттылар еңбек етуде. Мұнда жүкті әйелдерге, жоғары қауіп тобындағы босанушылар мен босанған әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге, шала туған сәбилерге мамандандырылған акушерлік-гинекологиялық, алғашқы медициналық-санитарлық, сонымен қатар консультациялық-диагностикалық көмек көрсетіледі. Жалпы, Мұғалжар аудандық перзентхана құрамында 2 жоғарғы білікті дәрігер, 7 акушер, 1 аға медбике, 3 медбике қызмет атқарады. Аудандық перзентхана жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі, шала туған балаларды күту, гинекология, консультациялық диагностикалық блок, одан өзге дайын дәрілік заттарды сақтауға арналған дәріхана, рентген қосымша бөлімшелері, ультра-дыбыстық зерттеу кабинеті заманауи құрал-жабдықтармен және білікті мамандармен толықтай қамтылған.

P.S. Жуырда 11-ші сәбиін дүниеге әкеліп, халық санының өсуіне өз үлесін қосып отырған мұғалжарлық көпбалалы Ләззат Бұлтанова туралы газетімізде сүйіншілеп қалам тербеген едік. Алла берсе, өмірге тағы да бала әкелуге ниетті. Ләззаттай батыр аналар көбейе берсін деп тілейік.

Айдана АЛТЫБАЕВА.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысында көлікті мас күйінде жүргізетіндер азаймай отыр

admin_mugalzhar

42 500: Еңбек министрлігі әлеуметтік төлемді екінші рет кімдер алатынын түсіндірді

admin_mugalzhar

№53 ТАЛДЫСАЙ РАЗЪЕЗДІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҰСЫНЫС-ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.