«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАР АУЫЛЫНДА ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙДЕ ӨРТ БОЛДЫ

24 ақпан күні Мұғалжар ауданы, Мұғалжар ауылында жеке тұрғын үйде өрт болды.

Жергілікті уақытпен 23 сағат 51 минутта Мұғалжар ауылы, Зауыт көшесі, №5/1 жеке үйдің өртенуі орын алды. Төтенше жағдайдан бір отбасының 3 адамы зардап шегіп, 1 адам қаза таптты. Зардап шеккен азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, Ембі аудандық ауруханасына жеткізлді. Өкінішке орай, жарылыстың салдарынан 2010 жылы туылған жасөспірім қаза болды. Өрттен зардап шеккен отбасы мүшелерін санавациямен Ақтөбе қаласының күйік шалу орталығына жіберу қарастырылуда.

Оқыс оқиғаның себебін анықтау үшін Мұғалжар ауданы әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары, прокуратура, полиция бөлімі, төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері енген. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан отбасыға қолдау шаралары аясында жерлеу шараларын ұйымдастыру, үй сатып алып беру және үйге қажетті тұрмыстық заттармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Комиссия мүшелері (аудандық мәслихат хатшысы, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, депутаттар) өрттен зардап шеккендерге жаңа үй қарастыру жұмыстарымен Мұғалжар ауылына аттанды.
«Қиын жағдайда қалған отбасыларға көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасы аясында отбасыға шұғыл түрде қаржылай көмек көрсетілу қарастырылуда.
Өрт 03 сағат 20 минутта толық сөндірілді. Өрт алаңы 80 шаршы метр. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» №14 өрт сөндіру бекетінің жеке құрамынан 13 адам, 4 техника жіберілді.
Қазіргі таңда аталған өрттің шығу дерегіне қатысты себеп-салдарын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар

АҚКЕМЕРЛІК АҒЫМДАҒЫ ІСТЕР

admin_mugalzhar

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап 104 оқушы коронавирус жұқтырған

admin_mugalzhar

Бүгін Көрісу күні

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.