«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҰМЫТПАЙЫҚ!

 

БҮГІНГІ ТАҢДА АУДАННЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА. ӨТКЕН АПТАДА КОРОНАВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН БІР НАУҚАСПЕН ЖАҚЫН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА БОЛҒАН 28 АДАМ ҮЙ КАРАНТИНІНДЕ ОТЫР. СОНДАЙ-АҚ COVID-19 БЕЛГІЛЕРІ БАР ПНЕВМОНИЯҒА ШАЛДЫҚҚАН БІР НАУҚАС ЕМ ҚАБЫЛДАУДА.

Аудан аумағында тіркелген барлық науқастардың үй және жұмыс ошақтарында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарымен алдын-ала және індетке қарсы шаралар жүргізілген. Үй және жұмыс орыны бойынша қарым-қатынаста болған тұлғалар анықталып, олардан сынама алынып, ПТР әдісімен зерттеу мақсатында зертханаға жолданып, үй және жұмыс ошағында қорытынды дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Мұғалжар ауданының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Болатбек Шағалбаевтың берген мәліметіне сәйкес, науқасқа эпидемиологиялық зерттеу жүргізу барысында өзімен жақын қарым-қатынаста болған тұлғаларды жасырып қалу дерегі тіркеліп, оған әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 431-бабымен айыппұл салынған көрінеді. — Қаладағы мобильді топ бригадасы Ақтөбе қаласында орналасқан инфекциялық ауруханасына жатып, ем алудан қашқан науқасты Қандыағаш қаласының вокзалынан түсіріп алды. Оған тиісті аумақтың Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысын орындамағаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 462-баптың 3-бөлігі бойынша материалдары аудандық сотқа жолданды. Сонымен қатар тұрғындар жасырын қонақ шақырып, топтасқан жиындарды жиі өткізіп жүр. Соның салдарынан коронавирусты инфекцияның нақтыланған 1 үй ошағы анықталып, 2 жағдай тіркелген болатын. Аталған жағдайдың инфекция көзі науқастардың үйіне Ақтөбе қаласынан келген қонақтар болып табылады. Осы орайда, аудан тұрғындарының назарына үйге артық адамдардың келуін шектеп, той, садақа т.б. адамдар көп жиналатын жиындарды өткізбеу керектігін еске саламыз, — дейді ол.

Н. КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

«МАНСАП» ОРТАЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАНУДА

admin_mugalzhar

БҮЙРЕК: 30 АДАМ ДИАЛИЗГЕ ТӘУЕЛДІ

admin_mugalzhar

БАСТАУЛЫҚТАРҒА НЕСИЕЛЕНДІРУ ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.