«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Джо Байден Тоқаев пен қазақстандықтарды құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мерекесіне орай АҚШ Президенті Джо Байденнен құттықтау жеделхаты келді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Биыл Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді. Сізді осы атаулы оқиғамен құттықтай отырып, АҚШ Президенті Әкімшілігі өзіңізбен және Қазақстан халқымен етене жұмыс істеуге зор мән беретінін айтқым келеді. Ұзақ жылдар бойы біз ядролық қаруды таратпау, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту бағытындағы тығыз серіктесті қолдап келеміз. Менің Әкімшілігім стратегиялық серіктестігімізді тереңдетуге және бұдан 5 жыл бұрын Мемлекеттік хатшы Джон Керридің қатысуымен басталған «С5+1″ диалог процесін жалғастыруға мүдделі», – деп жазылған жеделхатта.

Наурыз мерекесі қарсаңында Джо Байден Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына бейбітшілік пен құт-береке тіледі.

Ұқсас ақпараттар

«ЖҰМЫС БЕРУШІ КҮНІ» ӨТТІ

admin_mugalzhar

Астық жинау және жем дайындау кезінде ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

admin_mugalzhar

204 ТҮЛЕК МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.