«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Қазақстанның 100 жаңа есімі»: дауыс беру мерзімі ұзартылды

Қазақстандықтардың көптеген өтініштері бойынша «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының IV маусымындағы халықтық дауыс беру 2021 жылдың 12 сәуіріне дейін ұзартылды. Жобаның 2 790 қатысушысы арасынан ұнаған үміткерлерді таңдау үшін 100janaesim.ruh.kz веб-сайтында дауыс беру процедурасынан өту керек. Қазіргі уақытта Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар шет елдердің тұрғындары да өз кандидаттарын белсенді қолдап келеді. Ұйымдастырушылар ережелерді бұзушылықтарды немесе басқа да фальсификацияларды, оның ішінде онлайн-дауыс беру кезінде дауыстарды алдап жинауды анықтаған жағдайда қатысушыны жобадан шығаруға құқылы. Әрбір санатта бір IP-адрестен бір адамға ғана дауыс беруге болады. Қатысушылардың дауыстары сауалнаманың жоғарғы оң жағында көрсетілген. IV маусымның жеңімпаздары дауыс беру нәтижелері бойынша және беделді қазылар алқасы жұмысының нәтижелері бойынша анықталады. Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы іске қосылған кезден бастап, яғни 4 жылдың ішінде 163 финалист анықталды. Биыл жоба Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өтіп жатыр.

Ақпарат көзі: АҚДМ баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда автогаздың 2023 жылғы қаңтарға дейінгі шекті бағасы белгіленді

admin_mugalzhar

АНАЛАР САЙЫСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Биылғы пітір садақа мөлшері белгілі болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.