13.6 C
Кандыагач
Понедельник, 3 октября, 2022
«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қарағанды фармацевтикалық кешені сәуірде 1,5 млн доза вакцина өндірмек

Қарағанды фармацевтикалық кешені (ҚФК) 600 мың доза көлемінде вакцинаның алғашқы ірі партиясын жеткізді. Сондай-ақ, осы айдың соңына дейін вакцинаның қосымша 900 мың дозасын жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат фармацевтика кешенінің Telegram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

Қарағанды фармацевтикалық кешенінде вакцина өндірісінің көлемі сәуір айында 1,5 миллион дозаға жетеді. «Жалпы, Қазақстан аумағында «Спутник V» вакцинасына тіркеуді алған күннен бастап Қарағанды фармацевтикалық кешені аталған вакцинаның 958 мың дозасы өндіріп жеткізді. Сондай — ақ, Ресейде өндірілген «Спутник – V» вакцинасының 52 мың дозасын жеткізуді жүзеге асырды», делінген хабарламада. ҚФК мәлімдеуінше, «Спутник V» вакцинасының өндірісі мен жеткізілуі бекітілген кестеден ерте жүзеге асырылып келеді. «ҚФК қызметкерлері препаратты әрі қарай алып жүру — фармакологиялық қадағалау, яғни ұнамсыз құбылыстарды мониторингілеу, пациенттердің өтініші мен шағымдарын жинау, талдауды жүзеге асырады», делінген хабарламада.

 

 

Ұқсас ақпараттар

«Зейнетақы шотын бұғаттайды»: Абайлаңыз, алаяқтардың жаңа түрі шықты

admin_mugalzhar

Қазақстанда «қызыл» аймақтар бойынша мәлімет жаңарды

admin_mugalzhar

425 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.