16 НАУҚАС АУРУХАНАДА ЕМ ҚАБЫЛДАУДА

0
233

Аудан бойынша соңғы тәулікте коронавирустық инфекциямен ауырғандар анықталмады. Алайда COVID19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушы 2 адам тіркелген. Үй карантинінде қоңырау шалу арқылы 130 адам медициналық бақылауда. Олардың 15-і клиникалық белгілері жоқ коронавирусты инфекциямен ауырып, 115-і жақын қарым-қатынаста болған тұлғалар 2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Мұғалжар ауданы бойынша коронавирусты инфекцияның 266 жағдайы тіркелген болатын. Оның 82-сі клиникалық симптомдары бар, 184 адам клиникалық симптомдары жоқ науқастар. Бүгінгі таңда сырқаттанушылардың 91,1% дертінен айыққан.
– Тамыз айынан бастап коронавирустықпневмонияменауырған 138 науқастың 126-сы жазылып шықты. Бүгінгі таңда
аудандық аурухананың инфек циялық бөлімінде коронавирусты инфекциясына шалдыққан 16 науқас, коронавирусты
пневмониясына шалдыққан 11 адам ем қабылдауда. Барлық науқастардың үй және жұмыс ошақтарында санитариялық эпидемиологиялық қызмет мамандарымен алдын-ала және індетке қарсы шаралар жүргізілді. Аудан тұрғындарына эпидемиологиялық ахуалдың одан әрі күрделенуін болдырмау үшін сақтық шараларын қатаң сақтауларын сұраймын, – дейді ауданның бас санитариялық дәрігері Болатбек Шағалбаев.

Н.ТІЛЕП