«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

1 миллионнан астам қазақстандық несие алушы «қара тізімнен» шығарылды

1 миллионнан астам қазақстандықтың несиелік тарихы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.

Қарызға батқан халық «қара тізімнен» шығарылды. Енді олар қайта несие рәсімдей алады.

Бірінші несие бюросының мәліметінше, банктен қарыз алып, уақытында төлей алмаған 600 мың адамға «оңалтылды» деген бұл статус берілмепті. Өйткені, шарт бойынша, борышкер ең әуелі кредитін толық жабуы тиіс. Содан кейін 12 ай бойы өзге де проблемалы несиесі болмауы қажет.

«Оңалтылды» деген мәртебенің бар-жоғын азаматтар egov.kz порталынан, не болмаса бірінші кредиттік бюроның сайтынан білсе болады. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталығы мен Қазпоштаның бөлімшелерінен де анықтай алады.

Ұқсас ақпараттар

АТА ЗАҢҒА — 28 ЖЫЛ

admin_mugalzhar

ГҮЛІМ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

Газбен жүретін көліктер арнайы белгі орнатуға міндеттелді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.