«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АХУАЛ АЛАҢДАТЫП ОТЫР

Аудан бойынша соңғы тәулікте коронавирустық инфекциямен ауырғандар жағдайы тіркелмеген. Алайда COVID-19 белгілері бар пневмониямен 2 науқас анықталып отыр. «Қазіргі жағдайға тұрғындар бейжай қарамаса екен» дейді санитариялық дәрігерлер.

Ауданда коронавирустық инфекциямен бүгінге дейін жалпы 335 адам тіркелгені анықталды. Оның ішінде 112-сі клиникалық симптомдарыбарболса, 223 адамклиникалық симптомдары жоқ науқастар. Жалпы дерек бойынша, аудан тұрғындарының 93,7%-ы керекті ем-дом қабылдап, аурудан айыққан. Үй карантинін сақтау шарттарынміндетті түрде орындау туралы қолхаты негізінде, үй карантинінде қоңырау шалу арқылы – 161 адам (клиникалық белгілері жоқ коронавирусты инфекциямен – 31 адам, жақын қарым-қатынаста болған тұлғалар – 130) медициналық бақылауда екенін айтады мамандар.

— 2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Мұғалжар ауданы бойынша коронавирусты инфекцияның 159 жағдайы тіркелді. Тіркелген 159 жағдайдың, 64-і клиникалық симптомдары бар, 95 адам клиникалық симптомдары жоқ науқастар. Қазіргі таңда 90,5%-ы жазылып шықты. Егерде салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, 2020 жыл ішінде коронавирусты инфекцияның 176 жағдайы тіркелген болса, 2021 жылдың қаңтар-сәуір айы аралығындабүгінгі күнге 159 жағдайболып, аурушаңдықтың өсу динамикасын байқауымызға болады. Бүгінгі күні Мұғалжар ауданы бойынша инфекциялық бөлімдерде коронавирусты инфекциясы диагнозымен11, коронавирусты пневмония диагнозымен-12 адам кезекті емін қабылдауда. Барлық науқастардың үй және жұмыс ошақтарында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарымен алдынала және індетке қарсы шаралар жүргізілуде. Үй және жұмыс орны бойынша қарым-қатынаста болған тұлғалар анықталып, оқшауланды. Барлық қарымқатынаста болған адамдардан сынама алынып, ПЦР әдісімен зерттеу мақсатында зертханаға жолдануда. Үй және жұмыс ошағында қорытынды дезинфекцияжұмыстарыжүргізілді. Баршатұрғындар назарына, сақтық шараларын үзбей жалғастыруды, маскатағыпжүруді, адам көп шоғырланатын жерлерге бармауды, ораза айында ауызашар беруді, әрі ауызашарларғабарудымейліншетежеуді сұраймын, — дейді ауданның бас санитариялық дәрігері Болатбек Шағалбаев.

Айдана АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ТЕМІРЖОЛШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

admin_mugalzhar

АҒАШ ТАМЫРЫМЕН, АДАМ ҰРПАҒЫМЕН МЫҚТЫ

admin_mugalzhar

«КҮМІС ЖАС»: ЕГДЕ ЖАСТАҒЫЛАРҒА МҮМКІНДІК

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.