«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТАЗАЛЫҚ – ТАЗАЛАНҒАН ЖЕРДЕ ЕМЕС, ТАЗАЛЫҚ САҚТАЛҒАН ЖЕРДЕ

«ЕЛУ ЖЫЛДА ЕЛ ЖАҢА» ДЕЙДІ ҚАЗАҚ. ӘЙТСЕ ДЕ, ОСЫ ЖАРТЫ ҒАСЫР ӨЗГЕРІС ЕНГІЗБЕГЕН БІР ЖАҒДАЙ – ҚОҚЫСҚА ҚАТЫСТЫ ДАУ ЕКЕНІН АЙТАДЫ РЕДАКЦИЯҒА ХАБАРЛАСҚАН ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ШАПАҒАТ» АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ АМАНЖОЛ АДАЕВ. БҮГІНГІ МАҚАЛАНЫҢ ӘЛҚИССАСЫН ДА КҮРМЕУІ КҮРДЕЛЕНГЕН ОСЫ МӘСЕЛЕНІҢ МӘН ЖАЙЫН АНЫҚТАУМЕН БАСТАДЫҚ…

ДАУДЫҢ БАСЫ… ШАШЫЛҒАН ҚОҚЫС

Басы ауырып, балтыры сыздаған халықтың жанына шипа іздеп келетін жекеменшік «Шапағат» ауруханасының маңы бүгінде қоқыс алаңына айналған. Оның себебі, сол жердің тұрғылықты халқы үйжайларынан шыққан тұрмыстық қалдықтары мен пайдаланылған құрылыс заттарын аурухана ауласына әкеліп тастайтын көрінеді. Тұрғындар тастаған қоқыс қалдықтарынан бөліне-тін түрлі улы заттардың кесірінен ем іздеп келген науқастардың дертіне дерт жамауы мүмкіндігіне алаңдаған аурухананың бас дәрігері бұл жағдайдың шешімін таппай тұрғанын жеткізді. Материал дайындау кезінде аталмыш ауруханаға арнайы барып, айтылған жайтты өз көзімізбен көріп қайттық. Белгілі болғандай, аурухана орналасқан Т.Байкунов көшесіндегі №69, 70, 71 көпқабатты тұрғын үйлер мен «Ақтөбе» тұйығы және С.Шынтасов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйлердің маңына әлі сенбілік жүргізілмеген.

— Тұрғындар тарапынан жасалатын бұл жауапсыздық биыл ғана орын алып отырған жоқ. Осы маңда орналасқан үйлердің тұрғындары үйлерінен шыққан қоқыстарды аурухана ауласына қоршаудан асырып лақтыруды не болмаса аурухана айналасына түнде әкеліп тастауды әдетке айналдырған. Осы ауруханада қызмет жасағаныма 50 жылдан астам уақыт болса, бұл жағдайдың орын алып келе жатқанына да осынша жыл болды. Тура бір осы «үрдіс» атадан балаға «мұра» болып қалып жатқандай… Біз бірнеше рет құзырлы органдарға хабарласып, шешімін табуды сұрағанбыз. Алайда еш нәтиже бермей келеді. Мені алаңдататыны – қоқыс ішіндегі әжетхана қағаздары, балалар мен ересектердің бір реттік жаялықтары және жылдар бойы шірімейтін полиэтилен материалдарынан бөлінетін улы заттардың ауаны ластап, түрлі инфекциялық аурулардың пайда болуына алып келу қаупі. Біздікі — өз аумағымызды жинап бер деу емес, тек жинаған жерімізге қоқыс тасталмаса екен деген ой, — дейді Аманжол Адаев.

Ең сорақысы, тұрғындардың керексіз затын лақтырып, қолдан жасаған қоқыс алаңына өздерінің балалары келіп ойнайтын көрінеді.

ТҰРҒЫНДАР НЕ ДЕЙДІ?..

Бұл жағдай тек «Финляндия» шағын ауданының аумағында ғана орын алып отырған жоқ. Қаланың көшелерінде, әсіресе, жер үйлер орналасқан аймақтарда мұндай көрініс жиі байқалады. Әр жерде үйілген қоқыстар көше сәнін кетіріп қана қоймай, ауаны да ластайтыны белгілі. Қаланы тазалауға ақылы қоғамдық жұмысшылар мен арнайы көліктер қанша жұмылдырылса да, мекемелер сенбілікке шықса да, қоқыс мәселесі күн тәртібінен түсер емес. Осы жерде «тазалық — тазалаған жерде емес, тазалықтысақтағанжерде» деген сөз еске түседі. Яғни, мәселе жиналмай жатқанда ғана емес, жинауға мүмкіндік берілмей жатқанда болуы да бек мүмкін… Осы бойынша тазалыққа жауапты деген мекемелердің басшылығына, ТҮК төрағаларынас ұрақ қойып, құқық қорғау органдарына шығып, халық қалаулыларын әңгімеге тартып, тұрғындар арасында сауалнама жүргізген едік. Бірі халықтың қоқыс шығаратын мекемелермен келісім-шартқа отырмайтынын айтса, екіншісі тұрғындардың тұрмыстық қалдықты тазалауға арналған ай сайынғы төлемді төлеуден бас тартатынын жеткізді.

Ал тұрғындардың да айтар өз уәжі бар. Мәселен, «Ақтөбе» тұйық көшесінде тұратын зейнеткер Мақпал Сапарғалиева көшеде қоқыс тастайтын арнайы қоқыс жәшігі жоғын айтады. Сол себепті өртеуге келетін заттарды ауласында жағуға мәжбүр.

— Біз тұратын көшеде бір де бір қоқыс жәшігі жоқ. Мен үйден шыққан қоқыс қалдықтарын өртеп отырамын. Ал жағып жіберуге келмейтін қоқыстарды қапшыққа салып, балаларыма жақын маңайдағы қоқыс тастайтын жерлерге апартып тастаймын. Басқа амал болмай отыр. Егерде қоқыс контейнерлері қойылып, күн сайын оны алып тұрса, төлеуге қажетті жарнасын төлеп тұрар едім — дейді ол.

А жительница дома №71 ул. Байкунова Виктория Дубина говорит, что мусор вывозится через день. Она уверена в том, что если человек будет уделять внимание чистоте хотя бы ради своего здоровья, этой проблемы не было бы. — Как известно, весна — время субботников и наведения порядка во дворе и прилегающей территории. Во дворе и за домом у себя мы убрали. Но вот мусорные контейнеры вновь переполнены, а ветер и бродячие собаки снова разнесли это по всей округе. В прошлом году за мусор мы платили 300 тенге, в этом году стало — 400. Винить предприятие за то что не вывозят мусор, я тоже не могу. Так как в окно вижу что почти через день его забирают. Просто если бы только наши 3 дома выбрасывали свой мусор сюда, я думаю такой проблемы здесь не было бы. Но к нам сюда и из частного сектора, с коттеджей несут мусор. Ладно бы если еще доносили до контейнера. Посылают детей, а они мусор по пути оставляют. Я считаю, что и в частном секторе нужно установить мусорные контейнеры. Взимать за это плату. Но это уже другой вопрос.

ЗА ВЫВОЗ МУСОРА НУЖНО ПЛАТИТЬ

Канат Мусин, заместитель акима города:

— Я в курсе того, что происходит в районе «Финляндия». Это проблема не одного дня. В настоящее время вывозом мусора в этом районе занимается индивидуальный предприниматель. Вы сами наверняка знаете о том, что если оплата производиться небудет, то и мусор вывозиться не будет. Так как это частное лицо. Что касается нехватки мусорных контейнеров, то в прошлом году по просьбе жителямы установили мусорные контейнеры по улице А.Байтурсынова, прямо напротив больницы. Спустя некоторое время, сам житель попросил его убрать, ссылаясь на то, что соседи превратили это местов свалку. В место бытовых отходов, стали под окна дома бросать строительный мусор, старую мебель, сломанную бытовую технику и даже навоз. Сами жители не хотят видеть мусор под окнами и не хотят садиться на договор с компаниями по вывозу мусора. На вопрос, почему не садитесь на договор, многие жители ссылаются на то, что в частных домах практически нечего выкидывать. Остатки продуктов отдаются домашним животными с коту, точто не сжигается якобы собирается ими в мешок и отвозится на полигон самостоятельно, говорят в один голос горожане. Конечно, мешок мусора никто из них отвозить на полигон небудет, так как за это, там тоже нужно платить. В прошлом году мы неоднократно проводили сход с жителями, говорили о необходимости установки мусорных контейнеров и о том, что нужно обязательно садиться на договор. Подобная ситуация у нас и по улице Орынбасарова, в 5-6 квартале микрорайона «Самал».

Райхан Мендигарина, председатель КСК «Титаник»:

— Касательно мусора, могу сказать то, что он к намне относится, вернеек КСК. Мы были вынуждены отказаться от уборки и вывоза мусора, из-за постоянных долгов и не оплаты жителями. Об этом руководство городского акимата знает. Мы неоднократно просили их о помощи, хотябы провести сход с жителями. Компании занимающиеся вывозом мусора, не вывозят мусор в долг. Им нужно платить. В результате не свое временного вывоза мусора, постоянно образовывается вот такая стихийная свалка. К тому же в частном секторе, который расположен напротив и за больницей нет мусорных контейнеров и организованного сбора мусора там тоже не замечено. Жители этих домов несут свой мусор к нам. В результате переполненные контейнеры, а бродячие животные и ветер разносят их содержимое по всей территории. Пока одни жители выходят на уборку мусора, другие выбрасывают его в неположенных местах. Ранее, мной лично неоднократно проводились собрания жильцов, пытались объяснять жильцам о том, что необходимо производить оплату для свое временного вывоза мусора. В настоящее время кто занимается вывозом мусора, я не знаю. Да что мы говорим о мусоре? Наши жильцы и 500 тенге за эксплуатационные расходы в КСК не платят. В настоящее время в КСК «Титаник» относится 4 дома. Это №69, 71 по улице Байкунова, а также №7, 9 по улице Шынтасова. От дома №70 мы отказались и за систематических долгов со стороны жильцов. У них только претензии в адрес КСК. Что ты делаешь? Куда тратишь деньги? В каждом доме у нас по 36 квартир, в месяц вместо положенных 18 тысяч мы еле набираем 9 тысяч тенге. А ведь для содержания в чистоте и порядке дворы нужно платить и техничке и дворнику.

К ОТВЕТСТВЕННОСТИ ПРИВЛЕЧЕНЫ 346 ЧЕЛОВЕК

По словам участкового инспектора местной полицейской службы Нурлы Аймакова, только за четыре месяца этого года участковые инспекторы полиции провели на каждом участке по 3 встречи с населением. «Соблюдение чистоты на участках по принципу «нулевой терпимости» находится у нас на постоянном контроле. В ходе этих встреч мы проводим разъяснительную беседу, призываем жителей к соблюдению чистоты, при необходимости принимаем меры по соблюдению требований действующего законодательства. Активная работа с применением административных мер проводится по таким статьям, как 505 — это нарушение правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов, уничтожение и повреждение зеленых насаждений. Что касается мусора на моем участке в районе «Финляндия» вблиз больницы, мы в эти выходные снова встретимся с жильцами и проведем обход. Кроме того, уже внесли предложение в городской акимат, о заграждении мусорных контейнеров». Всего с начала года сотрудниками полиции за нарушение правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов, уничтожение и повреждение зеленых насаждений было привлечено к ответственности 346 человек. Согласно статьи 505 Административного кодекса нарушителям грозит от предупреждения до штрафа в размере 20 МРП.

ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН ҚОҚЫСТЫ КІМ ЖИНАЙДЫ?

Тәртіп бұзып, айыппұл төлеп жатса да, белгіленбеген жерге қоқыс тастау фактілері тоқтамай тұр. Сол себепті тазалыққа жауапты мекемелер өз күштерімен заңсыз тасталған қоқысты тазартуға мәжбүр. «Финляндия» шағын ауданы аумағындағы тұрмыстық қалдықтарды полигонға шығаратын «Шаймерден» ЖК-нің басшысы Мергенбай Ғабиденұлы көпқабатты тұрғын үйлердің маңына қойылған қоқыс контейнерлерін мүмкіндігінше күн сайын тазартатынын айтады. Жеке үй тұрғындарының келісім-шарттары жоқ болса да, қоқыс толы қапшықтарын жинап алатын көрінеді. — Біздің мекемеде тек қана ГАЗ-53 маркалы бір ғана жүк көлігі бар. Жұмыс күші де аз. Барлық контейнердегі қоқыстарды жұмысшылар өз қолдарымен тиеп, түсіреді. «Финляндияда» қоқыс тастауға арналған бес нүктеміз бар, жәшіктер де жеткілікті. Әлі де көбейтуді жоспарлап отырмыз. Ал жеке тұрғын үйлердің тұрғындарына келетін болсақ, оларды келісім-шартқа зорлықпен отырғыза алмаймыз. Осы уақытқа дейін түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Бірақ нәтиже бермей жатыр. Жеке секторларда тұратын тұрғындар жеңіл машиналарының жүксалғышына тиеп әкеліп, тастап кетіп жатады. Оларды үнемі аңдып жүре алмаймыз. Негізгі заңнамаға сәйкес, әрбір мекеме немесе әр тұрғын өзінің үйінің алдына қоқыс контейнерін қоюға міндетті. Ал контейнердегі қоқысты шығару үшін мекемемен келісім-шартқа отыруы тиіс, — дейді ол.

ҚОҚЫС ЖЕРГЕ КӨМІЛЕДІ

Соңғы жылдары елімізде қоқысты қайта өңдеу мәселесі жиі көтерілуде. Дегенмен бұл мақсатты жұмыс әлі де өз деңгейінде жүзеге аспай отыр. Қандыағаш қаласының қоқысы төгілетін полигон қарасты «Ж.Е.С» ЖШС-і директорының орынбасары Нұрлыбек Аймақов қала ішінен жиналған қоқыстың барлығы полигонда жерге көмілетінін жеткізді. — Біз қазір қоқысты сұрыптамаймыз. Тұрмыстық қалдықтарды саралап, айыру үшін үлкен жұмыс күші керек. Сонымен қатар ол көп қаражатты да қажет етеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын қоқыс өңдеуге қажетті құрылғыларды алдырып, қондырған болатынбыз. Бірақ тиімсіз болып, тоқтатып тастадық. Оның өз себебі бар. Бұл құрылғыны іске қоссақ, 30-дың үстінде адамды жұмысқа қабылдап, еңбекақы төлеуіміз керек. Бірақ біз сұрыптаған қоқыстардың құны тым арзан болғандықтан, шығынымызды толықтай жаба алмайды. Өзіміз шығынға ұшырадық. Қаланың қоқысын жинайтын мекемелер біздің полигонға қоқыстарын төгу үшін тоннасына 7000 теңге төлейді. Осы ақшаны төлегісі келмейтін кейбір мекемелер қаланың шет аумақтарын заңсыз полигонға айналдырған. Себебі бізбен келісімшартқа отырмаған мекемелер жетерлік — дейді Нұрлыбек Аймақов.

АУЫЛ-АЙМАҚТА СЕНБІЛІКТЕР ЖАЛҒАСУДА

Аудан әкімі А.Шерияздановтың «Қала аумағы мен ауданның елді мекендерін көріктендіру, санитарлық тазалау және көгалдандыру жөніндегі екі айлық жұмыстар өткізу туралы» Қаулысына сәйкес, аудан аумағындағы қалалық және ауылдық округтерде сенбілік жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Ембі қаласында көктемгі көгалдандыру жұмыстары басталып кеткен. Жастар мен еріктілер тобы жоспарға сай көшелерді тазартып, көшеттер отырғызды. Ал Жем қаласында қала халқы жаппай сенбілікке шығып, өзендер мен су қоймаларының жағалауларын қоқыстан тазартты. Жұрын ауылдық округінде барлық мекемелердің қызметкерлері сенбілікке қатысып, мекемелердің аумағын күл-қоқыстардан тазартып, «Қандыағаш-Ембі» тас жолының бойын жинады. Сонымен қатар спорт алаңдарына — 100, Қ. Жұбанов ЖББОМ-не — 50, мешітке — 20, саябаққа — 50 түп тал көшеттері отырғызылды. Екі айлық сенбілік жұмыстары Батпақкөл ауылдық округінде де жалғасын тапты. Ауыл көшелерін тазаруға, ағаш отырғызуға округке қарасты барлық мекемелердің қызметкерлері атсалысқан. Сенбілікке «Казахойл Актобе» ЖШС-і өз техникасымен демеушілік көрсетіп, жиналған қоқысты сыртқа шығару жұмыстарына көмектескен. Бірлік ауылындағы сенбілікке ауыл әкімшілігі, мектеп, бала-бақша ұжымдары атсалысты. Жалпы саны 200-ден астам адам қатысқан сенбілікте 15 тонна қоқыс полигонға шығарылған. Ал Талдысай ауылдық округінде өткен сенбілік жұмыстарына ауыл жастары, мекемелер, шаруа қожалықтары қатысқан. Ауыл арасынан жиналған тоннаға жуық қоқысты шаруа қожалықтары техникаларымен полигонға шығарған.

ПОЛИГОН МӘСЕЛЕСІ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Дауға айналған қоқыс пен сұрыптаусыз көмілетін тұрмыстық қалдықтар мәселесінің мән-жайын «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары, мәслихат депутаты Көмекбай Бектұрғановқа жолдаған едік. Бұл мәселеден хабарсыз екенін айтқан депутат алдағы уақытта назарға алатынын жеткізді.

— Өткен жылы «Nur Otan» партиясының 5 жылға жоспарланған сайлауалды бағдарламасына аудан аумағындағы маңызды мәселелерді енгізген болатынбыз. Бүгінде жоспар бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ал «Шапағат» ауруханасы маңындағы қоқыс мәселесіне келсек, ол аурухана жекеменшік нысан болғаннан кейін, өз аумағын өзі таза ұстауға міндетті. Сонымен қатар тұрғындар тарапынан орын алған бұл мәселені бақылау бейнекамераларын қою арқылы шешуге болатын секілді. Ал қоқыс полигонының мәселесін алдағы уақытта сессияларда депутаттық сауал ретінде жолдап, партия бағдарламасының бір тармағы етіп қосуды қолға аламын, — деді ол.

P.S. Үнемі кінәні өзгеден іздеу — жалпы адамға тән қасиет. Материалды жинақтау барысында осыған тағы бір мәрте көз жеткіздік. Біз есігін қаққан, телефон шалған мәселеге қатысы барлардың барлығы да таяқтың ұшын бір-біріне ысырып әлек болды… Біздің мақсат — кінәліні іздеу емес, мәселені жарыққа шығару еді. Түсінгеніміз мынау…. «Әләулайымы таусылса, хәләулайымы басталатын» қоқыстың мәселесіне біржақты қарауға болмас, сірә… Қала тазалығын қамтамасыз ету міндетіне жататын мекемелер мен тұрғындар бірбірін кінәлаудың орнына көп болып жұмылып, тіл табысуға тырысып, әрқайсысының дегеніне ден қойса, мәселенің де түйіні тарқатылар ма еді…

Әсел АБДАНБАЕВА, Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ.

 

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан мектептерінде 16 наурыз — 5 сәуір аралығында каникул болады

admin_mugalzhar

Елімізде жұмысынан шығып қалған 82 мың адам жәрдемақы алды

admin_mugalzhar

ПРОВЕРЕНА ГОТОВНОСТЬ ИЗБИРАТЕЛЬНОГО УЧАСТКА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.