«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАЛА СЫРТЫНА 3000 ТҮП ТАЛ ОТЫРҒЫЗЫЛУДА

АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ЕКІАЙЛЫҚ БАРЫСЫНДА ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ АПТА САЙЫН ЖҮРГІЗІЛУДЕ. ОҒАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, КӘСІПОРЫНДАР ҰЖЫМДАРЫ МЕН КӘСІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАТЫСУДА.

Сенбіліктер барысында қала аумағы қоқыстан тазартылып, ағаш түптері әктеліп, орталық көшелердегі бағаналар мен «Тәуелсіздік және «Жеңіс» даңғылы бойында орнатылған мүсіндер боялып, арнайы қоршаулар мен бардюрлар сырланып, жан-жағы абаттандырылуда.

— Сенбілік жұмыстарға қала бойынша 60 мекеме, 1050 адам тартылды. Осы уақытқа дейін жалпы сенбілікке 22 арнайы техника жұмылдырылып, 850 тонна күл-қоқыс шығарылды. Барлық жұмыстар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жасалынды. Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505 бабына сәйкес 115 коммерциялық мекемелердің қызметкерлері мен 300-ге жуық жеке тұрғын үйлердің тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қаладағы инфроқұрылым объектілерін бүлдіріп, жасыл желекке зиян келтірген 229 тұрғынның үстінен аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырды, — деді Қандығаш қаласының әкімі Талғат Өтемұратов.

Оның айтуынша, қала ішін абаттандыру мақсатында саябақтарға 2020 жылы күз мезгілінде — 400, 2021 жылы 560 түп көшет отырғызылған. Сонымен бірге мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың елді мекендерде жасыл белдеу құру туралы тапсырмасына сәйкес, Қандыағаш қаласының Еңбек ауылдық округімен шектесетін кіреберісіне, яғни «Самал» мөлтек ауданының 11 кварталын қыс мезгіліндегі қалың қардан қорғау үшін көлемі 20 гектар жерге 3000 түп көшет отырғызу жұмыстары басталған. Бүгінде «Темір Орман» шаруашылығының мамандары климаттық жағдайға байланысты және жердің балл бонитетіне сәйкес қарапайым қарағаш (вяз) көшеттерін отырғызуда.

Н.ТІЛЕП

 

Ұқсас ақпараттар

ЕЛОРДАДАН ДЕПУТАТТАР КЕЛДІ

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Шавкат Рахмоновты қабылдады

admin_mugalzhar

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алып жүру міндеттелмейтін болады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.