425 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

0
116

Індет басталғалы бері ауданда 425 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Өкінішке орай, оның 15-і осы індеттің құрбаны болды. Аудандық санитариялық мамандардың берген мәліметіне сәйкес, соңғы аптада коронавирусты инфекцияның нақтыланған вирус сәйкестендірілген жағдайы 11, COVID-19 белгілері бар пневмониямен 12 сырқаттанушылар тіркелген.

Ал 2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Мұғалжар ауданы бойынша коронавирусты инфекцияның 249 жағдайы тіркелді. Оның ішінде107-і клиникалық симптомдары бар, 142 адам клиникалық симптомдары жоқ науқастар. 86,4% жазылып шықты.

– Өткен жылмен салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ, 2020 жыл ішінде коронавирусты инфекцияның 176 жағдайы тіркелген болса, 2021 жылдың қаңтар-мамыр айы аралығында бүгінгі күнге 249 жағдай болып, аурушаңдықтың өсу динамикасын байқауымызға болады. Өткен жылдың тамызынан бастап ауданда коронавирустық пневмония белгілерімен вирус сәйкестендірілмеген 186 жағдайдың 176-сы жазылып шықты. Ал 10 науқас емін жалғастыруда. 2021 жылдың басынан коронавирустық пневмония белгілерімен вирус сәйкестендірілмеген 93 жағдайы тіркеліп, 83 адам жазылып шықты. Аудан тұрғындарынан аудандағы эпидемиологиялық ахуалдың одан әрі күрделенуін болдырмау үшін сақтық шараларын сақтап, коронавирусты инфекцияның алдын алу және таралуын болдырмауға атсалысуыларыңызды сұраймын, – деді ауданның бас санитариялық дәрігері Б.Шағалбаев.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Мұғалжар ауданы бойынша инфекциялық бөлімдерде коронавирусты инфекциясы диагнозымен 14 науқас, коронавирусты пневмония диагнозымен 10 науқас ем қабылдап жатыр.

Н.ІЗТҰРҒАН