«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі бірнеше есе қысқартылды

Қазақстанда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа жеңілдетілген ережелер бойынша мемлекеттік сатып алу туралы алғашқы шарттар жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Мемлекет басшысы 2024 жылғы 1 шілдеде рәсімдерді оңайлатуға және бюрократиядан арылтуға бағытталған «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңға қол қойды. Заң шеңберінде мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдерін барынша қысқартуды қамтитын Ережелер қабылданды.

«Конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алу бойынша тиісті құжаттаманы талқылау 5 күннен 2 жұмыс күніне дейін, өтінімдерді қабылдау — 15 күннен 5 жұмыс күніне дейін, өтінімдерді қарау және қорытындылау — 10 күннен 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Осылайша, конкурстар мен аукциондар бойынша жеңімпаз ең көп дегенде 10 жұмыс күні ішінде анықталады», делінген хабарламада.

Айта кетейік, рейтингтік-балдық жүйені қолдана отырып өткізілетін конкурс (сатып алудың автоматтандырылған тәсілін, жеңімпазды веб-портал айқындайды) арқылы сатып алу жеңімпаздары жиналған балдар негізінде 5 жұмыс күні ішінде (бұрын мерзімі 29 жұмыс күнін құраған) айқындалады. Олар жұмыс тәжірибесі, тұрақты салық аударымдарының болуы, кешіктірулердің болмауы және басқалары үшін беріледі.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу мерзімі 5 күннен 2 күнге дейін қысқартылды. Сондай-ақ жергілікті жеткізушілер үшін шартты жеңілдіктер 1%-дан 2%-ға дейін ұлғайтылды.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанға дәрі-дәрмек қай елдерден келеді?

admin_mugalzhar

ЖАҢАҒА ҰМТЫЛЫП, ЕСКІНІ ҰМЫТПАЙЫҚ!

admin_mugalzhar

БӘСЕКЕЛЕСТІК БАР ЖЕРДЕ БАСЫЛЫМНЫҢ САПАСЫ АРТАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.