Құлақты мақта таяқшамен шұқуға болмайды – дәрігер

0
368
Ресей дәрігерлері құлақты мақта таяқшамен шұғуға қарсы шыға бастады. Айтуынша, құлақ жарғағына таяқша тиіп кетуі мүмкін. Содан ауру пайда болуы ғажап емес. Бұл жайында Газета.ру басылымы жазады.
Көрші елдің отоларинголог Алексей Кошелевтің айтуынша, құлақты тазалап жүрген дұрыс. Бірақ мақта таяқшамен емес. Өйткені оны көбісі қолдана білмейді. Құлақ жарғағын зақымдап алуы мүмкін. Сондықтан құлақты тазалаудың ең оңай жолы – ол саусақ.
“Құлақтың ішкі жағында бұлық қатып қалады. Оны алып тастаған дұрыс. Суға жуынған, душқа не мойыншаға түскен кезде, құлақ іші жұмсарады. Сол сәтте құлаққа саусақты тығып, тазалап жіберу керек. Бұлық та жұмсарып тұрады да, қолға тез ілігеді”, – деп кеңес береді доктор.
Кошелевтің айтуынша, құлаққаппен көп жүретін адам жылына бір рет болсын, отоларингологке қаралып, құлағын тексеріп алған жөн. Құлақтың ішінде қатып қалған берішті бес-ақ минутта тазалауға болады.