«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Президент Шарын шатқалында балаларды құтқарамын деп көз жұмған ұстазды марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шарын шатқалында оқушыларды құтқарамын деп мерт болған Мерей Ибрагимовты марапаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Алматы қаласы «№ 199 мамандандырылған гимназия» КММ мұғалімі Мерей Нұрғазыұлы Ибрагимов «Ерлігі үшін» медалімен наградталсын (марқұм)», — делінген президент қаулысында.

Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салсақ, бұған дейін Шарын шатқалында селден екі адамның көз жұмғаны айтылған еді. Олардың бірі оқушы, екінші мектеп ұстазы екені анықталды.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

admin_mugalzhar

ҚАРЖЫГЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Елімізде онлайн оқытуға арналған жаңа платформа әзірленеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.