«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАННАН МАҢҒЫСТАУҒА ЖЕМ-ШӨП БАРАДЫ

Ауданға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов бастаған топ іссапармен келді. Іссапардың басты мақсаты — екі облыс арасында жем-шөп тасымалдау жұмыстарын ұйымдастыру.

Себебі Маңғыстау облысы аумағында бірнеше жылдан бері жаңбыр жаумай, малшылар мен егіншілер қуаңшылыққа тап болған. Соның салдарынан егістік қурап, жем-шөп қоры таусылғанын, бүгінде төрттүліктің жаппай көтерем болып, қырылып жатқанын жеткізген делегация басшысы Ғалымжан Ниязов:

«Біз екі жақтың шаруаларына да кесірі тимейтіндей, қымбатшылық тудырмайтындай келісімге келгіміз келеді. Осыннан мал азығын тасымалдау жағын да ыңғайластырып, субсидиялауды жоспарлап отырмыз. Тасымалдаған көліктердің кері қарай бос қайтпауы үшін құрылысқа қажетті тастарды арзан бағамен алып қайтуға мүмкіндік жасаймыз», — деді.

Кездесуге келген ауданның шаруа қожалықтарының иелері алдағы уақытта тиімді бағамен жем-шөп беруге келісім жасайтындарын жеткізді. Еңбек ауылдық округіне қарасты «Саян» ШҚ-ның иесі Тұрғанбай Айтпағамбетов өткен жылдан қалған 700 рулон шөбі барын айтып, өздері қалаған бағаға алып кетулеріне болатынын жеткізді.

Н.ІЗТҰРҒАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

ОГНЕБОРЦЫ ПОЗДРАВИЛИ ВЕТЕРАНОВ ПОЖАРНОЙ СЛУЖБЫ

admin_mugalzhar

Тоқаев жер туралы заңды шұғыл дайындауды тапсырды

admin_mugalzhar

Желтоқсанда азық-түлік бағалары өзгермейді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.