«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстандық полицейлер жаңа формаға ауысады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қазақстандық полицейлердің қашан жаңа формаға ауысатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тұрғымбаев министр болып тағайындалған уақытта ең алдымен полицейлердің білімі мен халық алдындағы беделін, мәртебесін арттыруды көздегенін еске салды. «Тек үшінші кезекте ғана полицейлер формасына көшеміз. Жыл соңында қызметін сыртта өтейтін патрульдік полицейлер мен учаскелік инспекторлардың киімін реттейміз. Форма дайын, ол қолайлы әрі ыңғайлы. Сыртта қызмет ететіндер үшін жаңа элемент яғни кроссовка секілді аяқ киім және бәтеңкені енгізіп отырмыз. Себебі бұл полицейлер үшін өте қажет. Әсіресе халықпен тікелей жұмыс істейтін жаяу, жедел патрульдерге керек», — дейді министр.

Сондай-ақ, Тұрғымбаев патрульдік полицияның формасында түнде алыстан байқалатын жарық элементтер көп екенін атап өтті.

Сонымен қатар, министр жаңа форманың құны бұрынғы форма құнынан қымбат емес екенін айта кетті.

«Қолда бар қаржымен дайындалды, қосымша қаражат сұрамаймыз. Себебі, әр киімді киетін уақыты бар. Мерзімі өткен соң ескі форманы тізімнен алынып, жаңа тізім жасалады. Дәл осы уақытта жаңа форма беріледі. Осылайша, біз екі жылда кезең-кезеңімен барлық қазақстандық полицияның формасын түгелдей ауыстырып шығамыз», — дейді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Ұқсас ақпараттар

БЛАГОУСТРОЙСТВУ СЕЛ — ОСОБОЕ ВНИМАНИЕ

admin_mugalzhar

ЖАМАҒАТ МЕШІТКЕ БАРАДЫ

admin_mugalzhar

Теңіз кенішінде коронавирус жұқтырғандармен мыңнан астам адам байланыста болған

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.