«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

ОСЫ АЙДЫҢ БАСЫНДА АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ «НҰРТАЙ» МЕШІТІНІҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛҒАН ЕДІ. БҮГІНДЕ ЖҰМЫС ҚЫЗУ ЖАЛҒАСУДА.

Мешітте қазір ескі едендер ауыстырылып, жылу құбырлары жүргізілуде. Алдағы уақытта мешіт сырты мен қасбеті жөнделетін болады. Аталмыш жөндеу жұмыстарына тұрғылықты халық шамалары жеткенше қолдау жасауда.

— Мәлік Қажының атынан есепшот ашылып, әлеуметтік желілерге таратылудың арқасында жамағаттан ақша жиналып жатқаны рас. Кәсіпкерлер де барынша көмегін беріп жатыр. Бірақ қаржының басым бөлігі тұрғындардан түсіп жатыр. Егер көмектесемін дейтін азаматтар болса, Малик Ибрагимов атына ашылған CASPKZKA KZ14722С000034800304 есепшот нөміріне аудара алады. Көмекті құрылыс материалдарымен де беруге болады, — дейді мешіттің бас имамы Асемхан Ерғазин.

А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

ЕКПЕ АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

admin_mugalzhar

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІН НАЗАРДА ҰСТАДЫ

admin_mugalzhar

Порядка 60 миллионов американцев проголосовали досрочно на выборах президента

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.