«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Бойжеткен АХМЕТОВА: БАСПАХАНА ШЫДАМЫМДЫ ШЫҢДАДЫ

-1957 жылы баспаханаға жұмысқа келгенімде баспа машинасын алғаш көріп, таң қалғанмын. Өте үлкен екен. Менің жұмысым сол алпауыт машинаның темір дөңге — легін айналдыру болды. Өзім талдырмаш — пын, қолымда күш жоқ. Менің әлсіздігімді редакторымыз Нұрғали Тастанбаев байқаған болу керек, газет бөліміне ауыстым. Осылай қызметімнің жемісті шағы басталды. Темір ауданында депутат болып сайланып, орынбасарлық тәрізді беделді жұмыстар атқардым. Жұмысым еленіп, кейін түрлі марапаттар мен медальдарға ие болдым. Соңымнан ерген жастарға баспа ісінің қыр-сырын үйретіп, сауатты шәкірттер тәрбиеледім. Ол уақыттарда баспахананың жұмысы өте қиын еді. Қайнап тұрған қорғасынмен жұмыс жасайтынбыз. Жастар бізде жұмыс жасауға жүрексінетін. Бұл жұмыс шыдамдылықты шыңдап, төзімділікті төбеге қойып, сабырлықты талап ететін еді…

 

Ұқсас ақпараттар

ВНИМАНИЕ ДОРОЖЕ ПОДАРКОВ

admin_mugalzhar

Құралбай БАЙСҰЛТАНОВ: ОТАННЫҢ АЛҒАШҚЫ НАНЫ «МҰҒАЛЖАРДАН» БҰЙЫРДЫ

admin_mugalzhar

Салиха БУКЕЕВА: ВОТ И СВЕЛА НАС СУДЬБА…

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.