«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТҰҢҒЫШ ТҮЛЕКТЕРІ

Егемендік алғаннан кейінгі алғашқы уақыт ел жастары үшін «тар жол, тайғақ кешумен» тең еді. Мектептен түлеп ұшып, ұстаздың қамқорлығымен қоштасып, ата-ананың бауырынан алыстап, үлкен өмірге қадам басқан түлектер расымен да жаңа заманға тап болды. «Түйсікке әлі түйінделе қоймаған ұғымды қабылдау да қиындау болды» дейді тәуелсіздіктің төл түлектері. Себебі 1991 жылы мектеп бітірген жастар үшін сол кезде ерекше кезең басталған-ды. Сонымен…

Нұрболат ТӨРЕТОВ, Батпақкөл округіне қарасты Жағабұлақ ауылдық мектебінің түлегі:

— 30 жыл бұрын мектеп бітіріп, албырт жастықтың желкеніне мінгенімізбен, бойымызда қорқыныш болғаны рас. Сол кездегі саясатты түсіне қоймаған едік, екі кезеңнің ортасында қалдық десем де болады. Болашақты ойлау, елестету де құр әуре сияқты көрінген. Оқу бітіргенімізбен, қаражат пен жұмыстың тапшылығы бәрімізді есеңгіретіп жіберді ғой. Біз 1991 жылы мектепті қалай бітірсек, солай бәріміз туған жердің төсіне қайта оралдық. Осы жақта қызмет етіпкелеміз. Біздің ерекшелігіміз де сол — мектепті қанша түлек бітірсек те, туған жерден алыстамадық. Қуанышта да, қайғыда да біргеміз. Алғаш қалам ұстатқан марқұм Гүлжамал Зарлықова, Райхан Беркалиева, Гүлбенген Жексеева деген апайларымыз болды. Ерекше тұлға деп сол кісілерді танып өстік. Себебі олар берген білім мен тәрбие бізді ешқашан жерге қаратпады. Елеулі жылдарда, яғни мерейтойлар кезінде мектебімізге барып, ұстаздарға соғып, сый-құрметтерімізді көрсетіп отырамыз. Міне, енді 30 жылдығымызға тағы да бас қосқалы отырмыз. Бүгінгі күнгі түлектер — бақытты. Себебі, аяғынан тұрған, егемендігі мен елдігі мығым, үкімет тарапынан қолдауы мол, білімге деген жолыашық замандамектепбітіріп, үлкенөмірге нық қадам басуда. Соны бағалап, еліміздің дамуына өз үлестерін қосып, ата-ана үмітін ақтауды тілейміз.

А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

БАСТЫ МІНДЕТ — ҚЫЗМЕТКЕ ЖАУАПТЫ ҚАРАУ

admin_mugalzhar

РАМАЗАН — РАҚЫМ АЙЫ

admin_mugalzhar

ӨНЕРЛІ ЖАННЫҢ ЗЕРДЕЛІ БЕЛЕСТЕРІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.