«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Міндетті екпе: қызметкер жұмыстан шығарылмайды

Екпені міндеттеген дұрыс па? Әуелде екпе салдыру – әр адамның өз еркі деген. Көп ұзамай, «екпе алмағандар жұмыстан шеттетіледі» деген пікірлер айтыла бастады. Қазір көпшіліктің пікірі екіге жарыл­ған: бірі – екпені қолдайтындар, екіншісі – антиваксерлердің сөзіне еретіндер. Жалпы, екпе алмағандар жұмыстан шеттетіледі деген ақпарат қайдан шықты? Бұл шындыққа жанаса ма?
«Денсаулық туралы» кодекстің 77-бабы бойынша ерікті вакцинациялаудан бас тартқан жағдайда жұмыс беруші қызметкерді жұмыстан шығаруға құқылы ма? Осыған орай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов жауап берді. Министрдің айтуынша, Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері тиісті қау­лылар қабылдайды. Бас мемлекеттік сани­тар дәрігердің №67 қаулысында көрсетілген ұйымдардың/объектілердің COVID-19-ға қарсы екпе алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-мен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) қызметкерлер үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберілуіне шектеу енгізілген.
Аталған қаулының 6-1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың екпе алмаған қызметкерлері 7 күнде бір рет ПТР-тест тапсырып тұруға міндеттелген. Осыған байланысты жұмыс беруші COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған жұмыскерге қашықтан жұмыс нысанына көшуді ұсынуға (мұндай мүмкіндік болған жағдайда) құқылы. Әрі жұмысты қашықтан орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда және қызметкер жұмысты күндізгі режимде жүзеге асыруға тілек білдірсе, қызметкер өз есебінен міндетті ПТР-тестілеуден (7 күнде 1 рет) өтуі қажет. Сонымен бірге тараптардың келісімі бойынша міндетті ПТР-тестілеу жұмыс бе­рушінің қаражаты есебінен жүзеге асы­рылуы мүмкін. «Осылайша, жұмыс беруші вак­ци­нациядан бас тартуға байла­нысты қызмет­керді жұмыстан шығаруға құқылы емес. Со­нымен қатар қызметкерлер өздерінің ең­­бек құқықтарын қорғау үшін жұмыс беру­ші­нің орналасқан жері бойынша тиісті әкім­шілік-аумақтық бірліктің еңбек инспек­ция­сы жөніндегі басқармасына өтініш жа­сауға құқылы» деген еді ми­нистрлік.
Бұл пікірді Денсаулық сақтау министр­лігінің ресми өкілі Ержан Байтанаев та растады. Ресми өкілге «жұмыс беруші қызметкерін жұмыстан шығара ала ма?» деген сауал тастаған едік. Ол: «Кез келген жұмыс беруші қызметкерін екпе алмағаны үшін жұмыстан шығара алмайды. Тек қашықтан жұмыс істеуіне, олай болмаған жағдайда жұмасына бір рет ПТР тапсыруға міндеттей алады», – дейді.

aikyn.kz

Ұқсас ақпараттар

ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ЖАППАЙ ИММУНДАУ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

2727 КӘСІПКЕРЛІК НЫСАН ТЕКСЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

Елімізде мал ұрлағандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылатын болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.