«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Аптап ыстықта кешкі ас қандай болуы керек

Көптеген адам ыстықта тамақтану әдеттерін түбегейлі өзгертеді, деп хабарлайды «Хабар 24» wi-fi.ru сілтеме жасап. Мысалы, біреу тамақ жегеннен гөрі сусынды көп ішеді. Біреу сергітетін өнімдерге сүйенеді. Ал басқасы жеңіл тағамға ауысады және ақуыз өнімдерінен бас тартады. Кешкі уақытта ас мәзірін мүмкіндігінше жеңілдеткен дұрыс. Ыстықта кешкі ас қандай болуы керек деген сұраққа диетолог жауап береді. Ол ыстықта да кешкі астан бас тартуға болмайды деп санайды. Кешкі аста ақуыздың көздері болуы керек: құс еті немесе балық. Ыстықта шошқа еті, шұжық, жартылай ет фабрикаттары сияқты майлы тағамдарды жеуге болмайды. Сондай-ақ буға пісіру, бұқтыру пайдалы.

Кешкі ас көкөністермен және жапырақты жасыл өсімдіктермен толықтырылуы керек (бұл витаминдер, антиоксиданттар, тағамдық талшықтар), сондай-ақ тұтас дәнді макарон өнімдері, дәнді дақылдарды да қосқан жөн. Кешкі табақты қалай толтыру керек, бұл адамның күндіз не тұтынғанына байланысты. Жеңіл түскі аспен кешкі ас салыстырмалы түрде тығыз және керісінше жасалуы мүмкін. Ең бастысы, кешкі ас кезінде ағзаға ақуыз, май және көмірсулардың бір бөлігі берілуі қажет. Тізімдегі өнімдерден басқа, ыстық ауа райында сіз әдеттегі кешкі асты жеміс-жидекпен алмастыра аласыз, бірақ оларға ақуыз көзі, мысалы, сүзбе немесе йогурт қосуыңыз керек, — деп атап өтті дәрігер.

24.kz

Ұқсас ақпараттар

Жамбыл облысында шенеунік әкім лауазымын сатып алмақ болған

admin_mugalzhar

Диетолог арықтауға көмектесетін ең тиімді 3 жолды атады

admin_mugalzhar

Тоқаев Ақтөбе облысының әкімін қабылдады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.