«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕЛОРДАДАН ДЕПУТАТТАР КЕЛДІ

Ауданға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дания Еспаева мен Зүлфия Сүлейменова келіп, өңірдің тыныс-тіршілігімен танысып, әлеуметтік нысандарды және ауыл-аймақтарды аралады.

Қандыағаш қаласындағы әлеуметтік нысандарды аралаған Мәжіліс депутаты Дания Еспаева Ахмет Жұбанов атындағы балалар саз мектебінің екінші ғимаратында болып, болашақ өнерпаздарға жасалған жағдаймен танысты. Одан соң, Қандыағаш қалалық №1 орта мектебіне барып, жаңадан қалыптасқан ахуалға бейімделген білім саласының жайкүйін білу мақсатында мектеп директорымен сұхбаттасты. Іссапар барысында аудандық ауруханаға барып, эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға алынған жаңа медициналық аппараттарды қарап шықты. Сондай-ақ дәрігерлермен тілдесіп, медициналық қызмет көрсете бастаған «Medlife+» гемодиализ орталығында болып бүйрегі мен несеп шығару жолдары, сонымен қатар вирус гепотитімен ауыратын адамдарға көмек көрсететін бірыңғай орынның ашылғанына оң баға берді.

Ал Ембі аумағын аралаған депутат Зүлфия Сүлейменова Қайыңды ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Ауыл тұрғындары Мәжіліс депутатынан ұзындығы 56 шақырым болатын «Алтынды-Ембі» тасжолын жөндеуге ықпал етуін сұрады. Ал өз кезегінде «AltynEx Company» ЖШС-не барып, жұмысшылардың жағдайымен танысқан депутат қайыңдылықтардың өтінішін Алтындыда «AltynEx Company» ЖШС-і мекемесі ғимаратында өткен кездесуде компания басшылығына жеткізді. Мәжіліс депутаты ауылішілік қатынас жолын ретке келтіріп, орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді компания басшылығына тапсырып, осы жұмысты назарда ұстайтынын айтты.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан халқының саны 19 миллионнан асты

admin_mugalzhar

АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНДЕ — ЖАҢА БАСШЫ

admin_mugalzhar

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТСІЗ ТОПТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ҚАМТУ – МАҢЫЗДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.