«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН АУМАҒЫНДА ЕРТЕ КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ ҚОРЫМЫ ТАБЫЛДЫ

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНАН КЕЛГЕН АРХЕОЛОГТАР БАТПАҚКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ҚАРАСТЫ ЖАҒАБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ МАҢЫНДАҒЫ ЖЕМ ӨЗЕНІНІҢ СОЛ ЖАҚ ЖАҒАЛАУЫНДА ЕСКІ ҚОРЫМДАРДАҒЫ ҮЙІЛГЕН ТОПЫРАҚТАРДЫ АШЫП, ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН БАСТАДЫ.

Қазба жұмыстарына жауапты Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкері Аслан Мамедов зерттеу жұмыстарының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс әкімдігінің бастамасымен қолға алынып жат-қанын жеткізді.

— Бүгінгі таңда 20 адамнан құрылған зерттеу тобы үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Қабірлерді ашып, табылған дүниелерді зерттеп жатыр. Бұл жер біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың ортасына тиесілі ерте көшпенділердің қорымы болып саналады. Әзірге қазылған орындардан 3 адамның сүйегі, сол заманға тиесілі ыдыс-аяқтар мен зергерлік бұйымдардың, құрбандық шалатын тас ыдыстың сынықтары табылды, — дейді Аслан Мамедов.

Н.ІЗТҰРҒАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандық оқушылардың көктемгі каникулда қанша күн демалатыны белгіленді

admin_mugalzhar

Облыста 684 адам көлігіне мемлекеттік нөмір алды

admin_mugalzhar

Ақтөбеде бір жарым жылға жететін мал азығы дайындалады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.