«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Эколог: ЖАҒЫМСЫЗ ИІСТІ ЖОЮҒА УАҚЫТ КЕРЕК

ҚАЛАДАҒЫ ҚОЛҚАНЫ ҚАПҚАН ЖАҒЫМСЫЗ ИІСТІҢ МӘСЕЛЕСІ БҮГІН ТАҒЫ ДА КӨТЕРІЛДІ. АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ ШӘМШАТ ӘБДІРЗАҚ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ КӨМЕКБАЙ БЕКТҰРҒАНОВ, ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАЛҒАТ ӨТЕМҰРАТОВ, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ АППАРАТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ РАУЗА АМАНГЕЛДИЕВА ЖӘНЕ ГАЗЕТ ЖУРНАЛИСТЕРІ «КЕНТАВР» ЖШС-НІҢ ӨНДІРІС ҚАЛДЫҚТАРЫ ТӨГІЛЕТІН ПОЛИГОНҒА БАРЫП, ЖАҒЫМСЫЗ ИІСТІ ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАНЫН КӨРІП ҚАЙТТЫ.

Зауыт қалдықтары төгілетін полигон орнына барған тексеріс тобы карталарда құрғату жұмыстарының жүргізіліп жатқанын көрді. Газетіміздің өткен сандарында спирт зауыттың қалдықтары ағызылатын арнайы 6 су қоймасы бар екені айтылған еді. Солардың ішінен №5 карта толығымен кепкен. №6 картадағы таза су «Арман-М» ШҚ-ы еккен егінге ағызылады. Ал қалған карталардағы қалдық суға иіс жоятын хлорелла жіберілген. Бүгінде қатты иіс шығып тұрған — №1 карта. Ол жерге қазіргі күні зауыттан шыққан қалдық сулар төгілуде.

«Кентавр» ЖШС-і басшысының жалпы сұрақтар бойынша орынбасары Қуанышбек Жалғасбаев жағымсыз иісті жою үшін жүйелі жұмыстың жүргізіліп жатқанын, алайда ауа-райының қолайсыздығы карталардың толық кеуіп кетуіне кедергі келтіріп тұрғанын жеткізді. Дегенмен жақын арада құрғаған карталардағы қалдықтарды арнайы техниканың көмегімен күреу жұмыстарының жасалатынын баяндады.

Полигон аумағының ауаға тигізер зиянын тексеру үшін Ресейдің Пермь қаласынан эколог

Мамай Шабақов арнайы келіп, зерттеу жұмыстарын жүргізген. Зерттеу нәтижесінде эколог маман жинақталған су қоймасының қоршаған ортаға, ауаға кері әсерін тигізбейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ 20 жылдан астам уақыт жиналған өндіріс қалдықтарының иісін толығымен жою үшін әлі 2 жылға жуық уақыттың керектігін жеткізді.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Кім? Қайда? Қашан? — 42 500 теңгені алу алгоритмі

admin_mugalzhar

«Самара-Шымкент» тас жолын қайта жаңғырту жұмыстары басталды

admin_mugalzhar

Қазақстан халқының 41,1% ауылда тұрады — статистика

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.