«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ БАҒАСЫ 40 ПАЙЫЗҒА ҚЫМБАТТАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына іссапармен барып, ресейлік «Ростсельмаш» компаниясында болды. Іссапар барысында VECTOR410KZ және ACROS астық жинау комбайндарын құрастыратын «KazRost Engineering Ltd.» кәсіпорнының жұмысымен танысып, ауыл шаруашылығы техникалары мен тракторлар құрастыратын цехты аралап көрді. Мемлекет басшысы компанияның шығарып жатқан өнімі Қазақстанның солтүстік өңіріндегі тың жерлер үшін маңызды екенін атап өтті. «Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау біз үшін басым бағыт саналады. Үкімет ауыл шаруашылығы мәселелерімен айналысуы қажет. Әлемде не болып жатқанын көріп отырсыздар.

Азық-түліктің бағасы 40 процентке қымбаттады. Біз еліміздегі бағаны ұстап тұруға тырысамыз. Бірақ бұл оңай емес. Аталған мәселелерді шешеміз. Әрине, Қазақстан ауыл шаруашылығы дамыған ел болуы тиіс. Біз іс жүзінде өзімізді ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз етуге көшуіміз керек. Қазір ірі компаниялармен және инвесторлармен жұмыс істеп жатырмыз», — деді президент.

Ұқсас ақпараттар

Алматы маңындағы блокпостта машина келіп соққан екі полицей қаза тапты

admin_mugalzhar

Димаш Құдайберген ертең онлайн концерт өткізеді

admin_mugalzhar

РЕФЕРЕНДУМ: АЭС САЛУДЫ 23 595 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҚОЛДАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.