АУДАНДА АЛҒАШ РЕТ КВЕСТ ОЙЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

0
177

12 тамыз – Халықаралық жастар күні. Атаулы мерекеге орай, Мұғалжар аудандық Жастар ресурстық орталығы ауыл жастары арасында “Тарихы тылсым – Мұғалжарым” атты квест ойынын ұйымдастырды. Ойынға 14-29 жас аралығындағы жастар қатысты. Квесттің мақсаты – жастарды отан сүйгіштікке, бірлесе жұмыс жасауға, тапқырлық пен шапшаңдыққа қалыптастыру.

Ойын шарты бойынша команда мүшелеріне аудан орталығы Қандыағаш қаласында орналас қан тарихи ескерткіштер мен мәдени орындарға сызылған бағыттар бойынша жүріп отыр тапсырмаларды орындау жүктелді. Олар “Алпамыс” батыр, “Қуғын сүргін құрбандары”, аудандық прокуратура жанындағы “Қазақтың үш биі”, “Ыбырай Алтынсарин, “Әлия мен Мәншүк” тарихи ескерткіштері мен қалалық спорт мектебі, аудандық тарихи-өлкетану музейінде болып, жасырылған түрлі сұрақтарға белсенді жауап берді. Ойын нәтижесінде белгіленген маршруттың барлығында тапқырлық пен шапшаңдық танытқан Талдысай ауылдық округінің жастары жүлделі І орынды иеленді. ІІ орынды Батпақкөл ауылдық округі жастары, ІІІорынды Жұрын ауылдық округі еншіледі. Ал Ембі қаласынан келген жастар “Тапқыр” номинациясымен марапатталды. Орталық басшысы Ләззат Бердібаева жеңімпаздарды құттықтап, жастарға сәттілік тілеп, ауданәкімі Асқар Шерияздановтың Алғыс хатын және арнайы сыйлықтар табыстады.

А.ДАРХАНҚЫЗЫ