«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

4625 ТОННА АСТЫҚ — ҚАМБАДА

ЫРЗЫҒЫН ЖЕРДЕН ІЗДЕГЕН АУДАН ДИҚАНДАРЫ АЛҚАПТАРДАН ӨНІМ ЖИНАУҒА КІРІСІП КЕТТІ. 10 600 ГЕКТАР ЖЕРГЕ СЕБІЛГЕН ДӘНДІ-ДАҚЫЛ ТҰҚЫМДАРЫ БІТІК ШЫҒЫП, БҮГІНДЕ ОНЫҢ 9000 ГЕКТАРДАН АСТАМ ЖЕРІ ОРЫЛДЫ.

Егістік алқаптарына негізінен бидай мен арпа тұқымдары егілген. Жиын-терімнің түсіміне болжам жасаған ауылшаруашылық мамандары биылғы астықтың өнімділігі орташа екенін айтады. Осы уақытқа дейін әр гектарынан 5 центнер астық алған шаруалар қамбаға 4625 тонна астық құйып үлгерген. Сонымен қатар, алдағы уақытта майлы дақылдардың да алқабына орақ түседі деп күтіліп отыр. Аудан бойынша 1300 гектар жерге егілген майлы дақылдардың түсімділігі былтырғымен салыстырғанда жақсы болатынына сенімді мамандар. Биыл ауылдық округтердегі диқандардың да астықтары бітік шықты. Айталық, талдысайлық «Арман-М» шаруа қожалығы гектарына 15-17 центнерден астық алды.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН СЫНҒА ТҮСТІ

admin_mugalzhar

42 500: Еңбек министрлігі әлеуметтік төлемді екінші рет кімдер алатынын түсіндірді

admin_mugalzhar

Қазақстан қоржынына Олимпиадаға 63-жолдама түсті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.