«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

600-ГЕ ЖУЫҚ ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНДЫ

Ауданда көпқабатты тұрғын үйлермен қатар жеке тұрғын үй құрылысы да қарқынды дамып келеді. Атап айтсақ, соңғы 5 жылдың көлемінде Қандыағаш қаласында 600-ге жуық жеке тұрғын үй салынған.
-Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрымныӊ құрылысын ауқымды түрде жүргізу жеке тұрғын үй құрылысыныӊ жандануына әкеледі. Мәселен, аудан орталығында бой көтерген «Самал» мөлтек ауданының 9,10,11 кварталдары мен «Жаңа қоныс» шағын ауданында инженерлік-коммуникациялық құрылыс жұмыстары жүргізілуде. «Жаңа қоныс» шағын ауданынан жер кезегіндегі тұрған 472 адамға жер телімі берілді. «Нұрлы көш» жер учаскесінен 171 жер телімі беріледі деп жоспарлап отырмыз. Бүгінде коммуникациялық жүйелер тартылған учаскелерге тұрғындар үй салуды бастап та кетті. Бұл дегеніміз — толыққанды кішігірім қалашыққа айналады деген сөз, — деді аудандық сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Асан Оразалыұлы.

Ұқсас ақпараттар

Асхат Аймағамбетов: Мектептерге интернет қосатын провайдердің тарифі өте қымбат

admin_mugalzhar

ЕЛІМІЗДЕ 100 ФУТБОЛ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ

admin_mugalzhar

СЕССИЯ ӨТТІ

admin_mugalzhar