«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанның азық-түлік қоры қанша айға жетеді

Ауылшаруашылығы министрлігі халықты негізгі азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Өңірлердің жедел деректері бойынша ағымдағы жылдың 20 тамызында республика бойынша жалпы көлемі 819 мың тонна түрлі азық-түлік тауарларының қоры бар, оның ішінде өндіруші кәсіпорындарда – 301 мың тонна, қоймаларда – 86,6 мың тонна, сауда желілерінде – 374 мың тонна, тұрақтандыру қорларында – 18,3 мың тонна. Бұдан басқа, 495,7 млн. дана жұмыртқа қоры бар, деп хабарлайды ҚР АШМ.

Көрсетілген көлем өнім түрлеріне байланысты бір айдан алты айға дейінгі мерзімге жеткілікті.

Азық-түлік тауарларының өндірісі артып, қорлар үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. Сондықтан олар бойынша тапшылық жоқ және ұзақ мерзімге жеткілікті тұрақты қор бар, деп атап өтті құзырлы ведомства.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік тауарларының 32 түрі бойынша өңірлердің қамтамасыз етілуіне апта сайын мониторинг жүргізеді. Мониторинг тұрақтандыру қорларындағы, ірі сауда желілеріндегі, жеткізушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының қоймаларындағы қорларды ескереді.

Ұқсас ақпараттар

Самет АЗАП, түркі әдебиетін зерттеуші маман: «Мақсатым – қазақ жастарына түрік әдебиетін оқыту»

admin_mugalzhar

Қордайдағы жанжалда 8 адам мерт болып, 40-тан астамы жарақаттанған

admin_mugalzhar

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз бірінші сессиясын шақыру туралы

admin_mugalzhar