«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жамбыл облысындағы жарылыстан төрт әскери қызметкер қаза тапты

Жамбыл облысындағы жарылыстан 4 әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы мәлімдеді.

“Өкінішке қарай, өрт сөндіру кезінде 4 әскери қызметкер көз жұмды. Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрі қоймасында болған өрттің салдарынан келісімшарт бойынша екі әскери қызметші — 1981 жылы туған сержант Мешінбай Марат Сайлаұлы, 1981 жылы туылған ефрейтор Жанболатов Руслан Жүрсінбайұлы және әскерилендірілген гвардияның қызметкері Дәлібаев Оразбек қаза тапты. Қаза тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Қазіргі таңда бірнеше адаммен байланыс орнату мүмкін болмай отыр. Олар тірі деп үміттенеміз. Іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – дейді Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы.

Сержант Марат Мешінбай мен ефрейтор Руслан Жанболатов өрттің алғашқы минуттарынан бастап әскери бөлімнің өрт сөндіру бөлімінің құрамында болды, өртті сөндірді. Жарылыстардың салдарынан олар ауыр жарақат алып, қаза тапты.

Әскерилендірілген күзетші Оразбек Дәлібаев қойманы күзету жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі қызметін атқарды және өз міндетін атқара отырып, оқ -дәрілердің жарылуынан қайтыс болды.

Министр қаза тапқандардың ішінде қарапайым халықтың жоқ екенін айтты.

“Қазіргі таңда зардап шеккендер мен қаза тапқандардың ішінде бейбіт тұрғындар жоқ”, – деп мәлімдеді министр.

Ұқсас ақпараттар

Бетперде тақпағандарға 10 миллион теңге айыппұл салынды

admin_mugalzhar

Қазақстанда 352 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды

admin_mugalzhar

Жыл басынан бері Қазақстанда ана мен баланы әлеуметтік қолдауға 190 млрд теңге бөлінді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.