«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Отбасы банк» тұрғын үй алу үшін кезекте тұрғандардың бастапқы жарнасын төмендетеді

Ипотекалық бағдарламалар аясында «Отбасы банк» баспана кезегінде тұрғандар үшін бастапқы жарнаны төмендетеді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ипотекалық бағдарламалар аясында «Отбасы Банк» кезекте тұрғандар үшін бастапқы төлемді тұрғын үй құнының 10 пайызына дейін төмендетеді. Жеңілдікпен берілетін несиенің мөлшері отбасының табысына байланысты жылдық 2 және 5 пайызды құрайды»,- деді Атамқұлов үкімет отырысында.

Ол, сондай-ақ, Тоқаевтың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігін кеңейту туралы айтқанына түсініктеме берді. Ол зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеткіліктілік шегінен асқаннан кейін, тұрғын үй сатып алу үшін «Отбасы банктегі» шотқа аударуға рұқсат беруді тапсырды.

«Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану ережелері жинақтың жеткіліктілік шегінен асқаннан кейін бір бөлігін тұрғын үй сатып алу үшін «Отбасы банктегі» шотына аударуға мүмкіндік беретін өзгертулер енгізіледі», — деді Атамқұлов.

Сонымен қатар, ол әзірлеушілерді қолдау мақсатында МЖӘ мен үлестік құрылыстың әлеуетін белсенді пайдалана отырып, жобаны қаржыландыру механизмі енгізілетінін түсіндірді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады

admin_mugalzhar

Не успокаиваться на достигнутом

admin_mugalzhar

Францияда қайта локдаун жарияланды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.