«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Азық-түлік бағасын енді тікелей министрлік қадағалайды

Сауда және интеграция министрлігі азық-түлік бағаларының шарықтап кетпеуіне тікелей жауапты орган болып бекітілді деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұдан былай ведомство азық-түлік тауарларының бағасын өндірушіден тұтынушыға дейінгі аралықтағы бүкіл тізбекті қадағалап отырады. Сондықтан Сауда министрлігі бір ай мерзім ішінде Ұлттық экономика министрлігі мен басқа да тиісті органдардан азық-түлік бағасын қадағалау міндеттерін өзіне аударып алу керек. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, оның ішінде жеке шаруашылықтардың көтерме-тарату орталықтары жүйесіне қол жеткізуі жеңілдетілмек.

Сол арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарығы кеңейе түседі дейді министрлік өкілдері.

«Біздің мақсатымыз азық-түлік тауарларының ағындары мен бағаларын мониторингтеу мен болжаудың дұрыс және тиімді жүйесін құру. Бұл мемлекетке нарық конъектурасы мен баға өзгеруіне уақтылы және жедел ден қоюға мүмкіндік береді», — дейді Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев.

nur.kz

Ұқсас ақпараттар

170 БАЛА САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНДА ЕМ АЛДЫ

admin_mugalzhar

ҚУАНЫШ КЕНЖЕҒАЛИЕВ: «МҰҒАЛЖАРҒА» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІРІМДІ АРНАДЫМ

admin_mugalzhar

Қазақстан паспортын рәсімдеу құны арзандамақ

admin_mugalzhar